М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
eminememetova2
eminememetova2
27.01.2021 13:39 •  Қазақ тiлi

Эссе улт бассышы??? Отинем помагите​

👇
Ответ:
Алика2018
Алика2018
27.01.2021

1991 жыл 1-желтоқсан-тәуелсіз Қазақстан өз басшысына таңдау жасады. Халықтың басым көпшілігі үлкен сенім артып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты билікке лайық деп таныды.

Қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, еңбек жолын қатардағы металлург ретінде бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы өзіндік еңбекқорлығы, табандылығы арқасында бүтін бір ұлтты басқаратын көшбасшы атанды. Оның бойындағы ұлтжандылығы мен тапқырлығының нәтижесі - бүгінгі Қазақстан. Қазақтың айбарлы да айбынды хандарының үзілген шежіресін қайта жалғаған көшбасшы елі үшін аянып қалған жоқ. Барлық сәтте ұлтымен бірге болып, ел болашағының баянды болуы үшін аянбай тер төкті. Бүгінде айшықты даму жолына түскен, кең байтақ далалы, 550 жылдық тарихы бар қазақ дейтін қайсар ұлтты әлем мойындайды. Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізген соң елбасы барлық мәселелерді бірізділікке түсіріп, елдің діні мен тілінің қоғамдағы өз орнын белгілеп берді. Тәуелсіздіктегі алғашқы жылдардан бастап-ақ ұлт көшбасшысы өзінің табандылығымен көзге түсе бастады. Көптеген алпауыт елдермен ынтымақ орнатып, екі жақты келісімдер жасасуға, қарапайым халықтың жағдайларын жақсартуға күш салды. Алғаш болып ядролық қарудан да бас тартып, әлемді бейбіт өмірге бастады. Оның әрбір қабылдаған шешімі халық тарапынан қолдауға ие болып отырды.

4,4(86 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
guzelmuzepova
guzelmuzepova
27.01.2021

Менің сүйікті қалам

Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы -  Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.

4,7(85 оценок)
Ответ:
scrqppy2000
scrqppy2000
27.01.2021
Азия ойындары деп аталатын, сондай-ақ, Азиада — спорттық жарыс жүргізілетін әрбір төрт жыл сайын елдерінің барлығында атлеттер арасында Азия 1951 жылы. Ойындар өткізіледі қамқорлығымен Азия Олимпиадалық кеңесінің және реттеледі қадағалауға Халықаралық олимпиада комитеті. Медаль беріледі әрбір түрінде : алтын — бірінші орын, күміс — екінші, қола — үшінші.

Жарыс басталып, шеру, ұлттық Олимпиадалық комитеттері, жүзеге асады. Мемлекеттік ту мен әнұран ілесіп, марапаттау. - Кестелері пайдаланылады көрсететін саны медаль ұтып алған әрбір ел.

Сәйкес мүшелігіне ОСА, Азиадаға қатысатын орналасқан Азияның барлық жалпыға ортақ танылған басқа елдің бар үлкен азиялық бөлігі Ресей, Түркия, орналасқан Азия толығымен дерлік Әзірбайжан, Грузия, орналасқан Азия толығымен Армения, Кипр, Израиль және бар аз азиялық бөлігіне Египет, сондай-ақ мүшелері ОСА болып табылады ішінара танылған Тайвань, Палестина және қытай аумағындағы ерекше мәртебесі бар Гонконг, Макао. Тайвань қатысады "Қытайлық Тайбэй".

Семнадцатые ойындары Инчхон, Оңтүстік Корея 19 қыркүйек пен 4 қазан 2014 жыл
4,6(15 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ