М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
дарья3ви
дарья3ви
09.03.2020 01:10 •  Қазақ тiлi

Бөлімдердің ретін дұрыс орналастырып әңгіме құрастыр. Дәрігер болғым келеді, әсіресе кардиолог. Әжемнің жүрегі ауыратындықтан, үнемі кардиолог дәрігер
туралы үйде, дастархан басында жиі айтылады. Шіркін, кардиолог болсам ғой, әжемді емдеп жазар
едім. Ал әкемнің жағдайын ойласам, бастық болғым келеді. Өйткені әкем Жұмысбасты, соның өзінде
1
демалыс немесе мереке күндері бастығының бұйыруымен жұмыстан тыс жұмыстарға тартылады.
Содан бізді ойнатып шығуға уақыты болмай қалады. Егер бастық болсам, әкемді жұмсағыш бастықтың
өзін жұмсар едім.
A
1
Ал анамды ойласам дүкендегі сатушы болғым келеді. Оның себебі, анам демалыс күндері қала
сыртындағы базарға азық-түлік, көкөніс сатып алуға кетеді. Содан шаршап келіп, үй жұмысына кіріседі,
бізбен бірге ойнауға мүлде зауқы болмайды. Біз одан: — Ана, бұл заттар үй қасындағы дүкендерде де
бар емес пе, несіне ұзаққа барып, қап арқалап босқа шаршап жүрсіз, - дейтінбіз. Мандайы тершіп, екі
иығынан дем алып отырған анам бізді бауырына басып, жүзі күлімсіреп, «ол жақта арзан, бул жерде
қымбат. Ақшаны үнемдеп жұмсау да, жұмыс істеп ақша табудан кем емес дейтін.
1
Үйге келген соң да ойландым. Шіркін, бір адам үш түрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік болар ма екен?
Болса, мен осы үш түрлі жұмыстың бәрін де істер едім. Баламның жазған шығармасы осы, оқып
шықтым. Қасымда не дер екен деп, демін ішіне тартып тұрған баламды бауырыма басып, маңдайынан
иіскеп, ризашылық білдірдім де: - Балам, шығарман жақсы екен. Маған өте ұнады. Бірақ, менің
ойымша, бала ескенде ең алдымен Адам болуы керек. Содан соң жаны қалаған бір немесе бірнеше
кәсіпті игерсе, нұр үстіне нұр болары хақ, - дедім.
Ұйықтар алдында бөлмеме келген балам: - Әке, мына жазған шығармамды оқып, қате кері болса
дұрыстап беріңізші, – деп қолыма бір дәптерді ұстатты. Онда булай жазылыпты. Алай бн баrе lен​

👇
Ответ:
SharagaXD
SharagaXD
09.03.2020

Ұйықтар алдында бөлмеме келген балам: – Әке, мына жазған шығармамды оқып, қате жері болса дұрыстап беріңізші, – деп қолыма бір дәптерді ұстатты. Онда бұлай жызылыпты: «Апай бүгін бізге «Мен өскенде кім боламын?» – деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуімізді тапсырды. Мен мектептен үйге жеткенше ойланып келдім. Мен өскенде кім боламын? Қандай қызық сұрақ, маған салса бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді.

Дәрігер болғым келеді, әсіресе кардиолог. Әжемнің жүрегі ауыратындықтан, үнемі кардиолог дәрігер туралы үйде, дастархан басында жиі айтылады. Шіркін, кардиолог болсам ғой, әжемді емдеп жазар едім. Ал әкемнің жағдайын ойласам, бастық болғым келеді. Өйткені әкем жұмысбасты, соның өзінде демалыс немесе мереке күндері бастығының бұйыруымен жұмыстан тыс жұмыстарға тартылады. Содан бізді ойнатып шығуға уақыты болмай қалады. Егер бастық болсам, әкемді жұмсағыш бастықтың өзін жұмсар едім.

Ал анамды ойласам дүкендегі сатушы болғым келеді. Оның себебі, анам демалыс күндері қала сыртындағы базарға азық-түлік, көкөніс сатып алуға кетеді. Содан шаршап келіп, үй жұмысына кіріседі, бізбен бірге ойнауға мүлде зауқы болмайды. Біз одан: – Ана, бұл заттар үй қасындағы дүкендерде де бар емес пе, несіне ұзаққа барып, қап арқалап босқа шаршап жүрсіз, – дейтінбіз. Маңдайы тершіп, екі иығынан дем алып отырған анам бізді бауырына басып, жүзі күлімсіреп, «ол жақта арзан, бұл жерде қымбат. Ақшаны үнемдеп жұмсау да, жұмыс істеп ақша табудан кем емес» дейтін.

Үйге келген соң да ойландым. Шіркін, бір адам үш түрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік болар ма екен? Болса, мен осы үш түрлі жұмыстың бәрін де істер едім. Баламның жазған шығармасы осы, оқып шықтым. Қасымда не дер екен деп, демін ішіне тартып тұрған баламды бауырыма басып, маңдайынан иіскеп, ризашылық білдірдім де: – Балам, шығармаң жақсы екен. Маған өте ұнады. Бірақ, менің ойымша, бала өскенде ең алдымен Адам болуы керек. Содан соң жаны қалаған бір немесе бірнеше кәсіпті игерсе, нұр үстіне нұр болары хақ, – дедім.

Этот ответ правильный. Проверил в онлайн мектепе.

4,8(54 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Поглит
Поглит
09.03.2020
 Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. 
  Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.  Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. 
4,5(43 оценок)
Ответ:
ХипХоп11
ХипХоп11
09.03.2020

Пауль Аристэ кеңестік, Эстон лингвист және полиглот болды. Ол шамамен 40 тілді білген. Ол 1905 жылы Эстонияда дүниеге келді. 1939 жылы филология докторы болды. Неміс оккупациясы кезінде ескі еврей кітаптарын жойудан жасырынған. Ол Фин-угор тілдерін, эстон тілінің фонетикасын және Морд тілдерін үйренеді. Ол волж тілінің грамматикасын шығарды. Водь-Ресейдегі финдік-угор халқы аз. Ол 1300 еңбек пен 50 кітап жазды. Өзінің педагогикалық қызметі үшін ол Еңбек Қызыл Ту және Халықтар Достығы орденімен, Ленин медалімен марапатталды.

4,4(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ