
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған ұқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.
Англияда абсолютизмнің қалыптасуы. Англияда 1343 жылдан бастап Парламент екі палатадан тұратын болды. Жоғарғы палата — лордтар палатасы деп аталып архиепископтардан, епископтардан, ірі барондардан құрылды. Төменгі палата — қауымдар палатасы аталды. Оған рыцарьлар мен қала өкілдері қатынасты. Кейін XIV ғасырда Парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан әрі нығая түсуіне жағдай жасады.
Негізгі ойы: Арманның мәні, армандау.
Айырмашылығы: Менің ойымша, қиял шығармашылыққа тән нәрсе, оның шегі жоқ. Ал арман кез келген адамда болатын, келешекке қатысты жеке қалауы. Қиялдың шексіздігі соншалық, оған мүмкін емес нәрселер де кіреді. Ал арман адамның басындағы шекарадан аса алмайды.
Туынды сөздер:
Арман+да+й+ық - бұл сөзде "арман" зат есім. Есімнен етістік тудыратын +да жұрнағы жалғанып етістікке айналған. +й көсемше, +ық етістік тудырушы жұрнақ.
Арман+сыз - бұл сөзде "арман" зат есім. +сыз сын есім тудырушы жұрнақ жалғанып, сын есімге айналған.
Тоқта+у - бұл сөзде "тоқта" етістік. +у тұйық етістік жұрнағы жалғанып түрленген немесе лексика-семантикалық тәсіл арқылы зат есімге айналып тұр.