ответ:
адал ұрпақ тәрбиелеу –қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе .“әкеге қарап ұл өсер ,шешеге қарап қыз өсер” дегендей жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше .ата-ана тәрбиесінде тәрбиелеп қана қоймай өз-өзін тәрбиелеуі тиіс .себебі ға қаншама жақсы қасиеттерді үйретіп ,жаман әдеттерден аулақ болуды үйретсең де ,егер ата-ананың бойында жаман қасиет табылса , бәрі бір өз ата-анасын қайталайды . ата-ананың бойындағы көп кездесетін жаман әдеттер мынадай : шылым шегу ,салауатты өмір салтын ұстанбау , мінездегі тұрақсыздық ,ашушаң болу,жауапкершіліктің аз болуы. ата-ана тәрбиесінде осы әдеттерден аулақ болуды үйретіп және өзі де сол қасиеттерден арылуы тиіс .
жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру ұстаздың негізгі міндеті. ұстаз – ң жеке тұлғасын қалыптастырушы.сонымен қатар бүгінгі жас өркеннің ертеңі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде өзін ортада ұстай білуді ,үлкенге құрмет ,кішіге ізет етуді үйретеді . ұстаз-ата-анасы берген тәрбиесін одан әрі білім беру арқылы жалғастырушы тұлға.ол білім беру ісімен ғана айналысып ,шәкірт тәрбиесін артта қалдырса ,білімінің маңызы жоғалады . яғни алған білімін халықтың игілігіне емес, өз мүддесіне жұмсайды, кезі келгенде өз отанын да сатып кете алады . ұлы ойшыл әл-фараби бабамыз айтқандай “ тәрбиесіз берілген- білім, ң қас жауы” екенін ұмытпағанымыз жөн.
халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдылық,бауырмалдылық,ілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбилі ұрпақ болу барлығымыздың борышымыз.
болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. сыбайлас жемқорлықты келешек ұрпаққа сіңіруден аулақ болуды үйрету әрбір ата – ананың міндеті.
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?
Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.
Объяснение:
...........