Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты.
Жүген – ер-тұрман әбзелі. Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады. Жүгеннің өрме Жүген, қайыс Жүген деген түрлері бар. Өрме Жүген таспадан өріледі, ол қайыс Жүгеннен мықтырақ болады.
Өмілдірік – ер-тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі.
Құйысқан– Ер-тоқым аттың мойнына қарай жылжымас үшін ердің артқы жағы мен ат құйрығының астынғы жағын жалғастыратын қайыстан не былғарыдан әшекейлеп жасалған әбзел атауы.
Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба барлық әлемде бейбітшілік болсын.