ответ: Тоқыма кәсібі - неолит заманында пайда болған кәсіптердің бірі. Ол алғаш әйелдердің өсімдік талшықтары мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталады. Тоқыма кәсібі алғашқы қауым адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде бірте-бірте дамыды.
Қазақстан жерінде Тоқыма кәсібі VI-XII ғасырларда өріс алған. Бұл көбінесе Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық қоныстарында дамыған. Мақта-мата тоқымаларын бата, боз, тор, шыт деп атайтын. Мал жүнінен сырт киім (шекпен) үшін жүн мата тоқыды.
Жібек мата Қытайдан, Ферганадан және Самарқаннан тарады. Ол кездегі жіп иіру-тоқу құралдары мен тоқыма станогының (тоқуш) қалдықтары археологиялық қазбаларда да кездеседі.
Өрмек тоқу, ши тоқу, жас шыбықтан ыдыс, құрал жабдық тоқу, өру - Тоқыма кәсібінің ежелгі түрлері. Қазір Тоқыма кәсібі дамығын Тоқыма өнеркәсібіне айналды.
Тілім менің Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
ответ: Тоқыма кәсібі - неолит заманында пайда болған кәсіптердің бірі. Ол алғаш әйелдердің өсімдік талшықтары мен жүннен тұрпайы киім тоқуынан басталады. Тоқыма кәсібі алғашқы қауым адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде бірте-бірте дамыды.
Қазақстан жерінде Тоқыма кәсібі VI-XII ғасырларда өріс алған. Бұл көбінесе Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалалық қоныстарында дамыған. Мақта-мата тоқымаларын бата, боз, тор, шыт деп атайтын. Мал жүнінен сырт киім (шекпен) үшін жүн мата тоқыды.
Жібек мата Қытайдан, Ферганадан және Самарқаннан тарады. Ол кездегі жіп иіру-тоқу құралдары мен тоқыма станогының (тоқуш) қалдықтары археологиялық қазбаларда да кездеседі.
Өрмек тоқу, ши тоқу, жас шыбықтан ыдыс, құрал жабдық тоқу, өру - Тоқыма кәсібінің ежелгі түрлері. Қазір Тоқыма кәсібі дамығын Тоқыма өнеркәсібіне айналды.
Объяснение:100% дұрыс оқасы жоқ