Ғарышкер... Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер - жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.
Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.
Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.
Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.
Биатлон — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді.Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді. Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады:жүгіру және оқ ату,тау велосипеді, яғни маунтин-байктармен жарысу және оқ ату. Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында.
Еңбек пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
"Тәтті қиял".
Ғарышкер... Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер - жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.
Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.
Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.
Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.
не мойОбъяснение: