Жеке басқа қол сұқпаушылық — азаматтардың конституциялық құқы мен бостандықтарының негізгі принципі. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында (12-бап, 2-тармақ.) “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп жазылған.
Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаз туралы шағын мәтін құрау. Мəтінде фразеологизмдерді пайдаланып жазу керек.
Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар аз емес. Бірақ солардың ішінде өнерімен, қазақи тәрбиесімен, әдемі даусымен көрерменнің ықыласына бөленіп, тыңдаушының жүрегіне жол таба білген ақ жарқын бірегей әнші Қарақат Әбілдина ерекшеленеді.
Әбілдина Қарақат - қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы, Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қарақат Әбілдина он саусағынан да бал тамған, бес аспап өнерпаз деуге де болады. Себебі ол домбырада шебер ойнаумен қатар, жетіген аспабын да бес саусақтай меңгерген, дәстүрлі әндермен қатар эстрадалық әндерді нақышына келтіріп орындайды.
Жеке басқа қол сұқпаушылық — азаматтардың конституциялық құқы мен бостандықтарының негізгі принципі. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында (12-бап, 2-тармақ.) “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп жазылған. Сондықтан азаматтарды заңда көрсетілген реттерде ғана соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Тұтқындалған адам заңсыз әрекет туралы сотқа шағымдануға құқылы. Прокурордың санкциясынсыз азаматтарды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана қамауда ұстауға болады. Қажетті жағдайда әр адамның білікті заң көмегін алуға құқысы бар. Әрбір адамның жеке өмірі, отбасының құпиясы, абыройы мен ар-намысы, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы алысқан хабарларының құпия сақталуы заңмен қорғалады. Сонымен бірге азаматтардың тұрғын үйіне заңсыз басып кіруге, тексеру, тінту жүргізуге жол берілмейді, ол үшін заң орындарының тиісті рұқсаты қажет. Тұрғын үйден айыруға сот шешімінсіз жол берілмейді. Адамдардың жеке басы мен өміріне қол сұғу әрекеттері азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады, ол үшін айыпты деп табылған адам тиісті жауапкершілікке тартылады.