Ахмет Байтұрсыновтың "Егіннің басы"атты өлеңінде әке мен баланың егін басында сөйлесуі әңгімесі арқау болған.Күзде егін пісіп,бидай басы дәнге толып,өз иесіне алғысын айтып тағзым етіп тұрады.Майысып иіліп тұрған көп бидайдың ішінде басы қақайып,тік тұрған бидай баланың көзіне түседі.Мына бидай қалғандарын менсінбей тұрма,-деп әкесінен сұрайды.Әкесі: балам оның биікте тұрғанына қарама,оның дәні жоқ сондықтан майыспай тұр,-деп жауап береді.Бұл жерде автор бидай дәні арқылы адамның тәкәппарлығын,астамшылық мінезін суреттеген.Көппен бірікпейтін ақылсыздығын,өркөкіректігін көрсеткен.Көпке сіңу үшін кішіпейіл,сабырлы,қарапайым болу керек.
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.
меніңше өзін көпке балап тәкәппар болуға болмайды.
себебі халық сені тәккәппар деп атайды.өлеңде айтыптұрғандай жаман дейді сені халық