Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.
1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
Жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесіне 19-ғасырдағы Қазақстанның батыс өңірінде болған Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің жалынды жаршысы болған Махамбет Өтемісұлының соңғы күніндегі оқиғалар өзек болған. Әңгіме «Қараой» жерінің табиғаты мен сипатын танытудан басталады. Қазан айының қара суығы әлі түспеген кезеңде Махамбет «Қараойдың» өзіндік ерекшелігін көз алдынан өткізіп, бірде осы мекенді оттай ыстық санаса, бірде жаттай көріп, оймен заманның тарылмаған, Исатайдың бар кезіндегі шаққа ойысып, өзіңнің қазіргі жайына іштей мүжіліп күйінеді. Қоңыр үйде қоңырқай тірлік кешіп жатқан, жалғыздықтан жанын мұң торлаған Махамбет ішінде алай-түлей ой арпалысы жүруде. Таң атқалы сондай. Ешкімге сенгісі жоқ. Сенім мен күмән теңдей, итжығыс түсіп жатыр. Әр нәрсеге елегзіп, әр нәрседен секем алады. Досы азайып, қасы көбейген кезде Ықыластай бұрын бірге жүрген адамға сенейін десе де, әлденендей күдіктер бой көтеріп, ойын тұрақтата алар емес. Шығармада осылайша Махамбеттің осындай ой арпалысы монолог түрінде өрбіп, батырдың жан күйін нақты бейнеленеді. Әңгіме тақырыбының «Қараой» болуы тегін емес. Махамбет осы «Қараойда» ізіне түскен сұлтанның итаршы тобының қолынан қаза табады. Батырдың шешіле сөйлесуін, қаруын тастауын өтінген және ойындағысын болдырған Баймағамбет сұлтанның тіліне азған топ адам өз үйі, ошақ қасында жары мен баласының көзінше батырды мерт етеді. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген аталы сөздің парқына бармаған опасыздар жапан далада қалған жетімектер мен жесірді аңыратып, батырдың бәйге атын мініп жүре береді. Сонымен «Қараой» бір кездері елдің құт мекені саналса, бүгінде сол күнгі оқиғамен қайғы жамылдырған жайды ұқтырар мекен болып қалғандай. Жарық күн де мына қаралы жайды көргісі келмегендей ұясына батуға асығып барады.