М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kristinaaaaak
kristinaaaaak
18.05.2023 07:18 •  Қазақ тiлi

1. Жалпылау есімдігін табыңыз. а) күллі ә) ешкім б) мынау в) осы г) кейбір 

 

2. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

а) өзі ә) баршасына б) барлыққа в) сеннің г) менге

 

3. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз.

а) әлдеқайда, кейбір, әркім ә) ешкім, әрине, сол б) өзі, өзім, мына в) кім? не? қанша? г) мен, сен, ол

 

4. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

а) қайсыбір ә) саған б) түгел в) осынау г) ештеңе

 

5. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Саған қандай сыйлық берді? ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын. б) Ешқайда барушы болма. в) Қандай анализ тапсырдыңыз? г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді.

 

6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді. ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді. б) Қандай дәрі қабылдадыңыз? в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды. г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды.

 

7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз. ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. б) Дәрі пайдаланылмады. в) Студенттер сабаққа келмеді. г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз. ЖИТС – ғасыр дерті.

 

8. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қай бағыт екенін білсе де ілгері жылжи берді. ә) Сол кеткеннен бүгін келіп тұр. б) Артта қалмай алға да кетпей қатар келеміз. в) Кешігіп келгендіктен, еркін отырып сөйлесе алмадық. г) Жоғары қараған сайын басы айнала берді.

 

9. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) ескіше ә) ерте б) күз в) тым г) жоғары

 

10. Үстеудің мағыналық түрін көрсетіңіз.

а) сапалық ә) жанама б) мақсат в) қатыстық г) тура

 

11. Сын-бейне үстеуді көрсетіңіз.

а) етпетінен ә) күні кеше б) ала жаздай в) таңертең г) күні ертең

12. Сын бейне үстеуді табыңыз.

а) сонша тұнба жасау ә) амалсыздан дәрі ішу б) науқасты шалқасынан жатқызу в) кейінге қалдыру г) шөптен дәрі жасау

 

13. Негізгі үстеуді көрсетіңіз.

а) ерте ә) артқа б) күздей в) жаңаша г) таңертең

 

14. Туынды үстеудің жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) -ша; -ше ә) –дап; -деп б) -са; -се в) -дың; -дің г) -ын; -ін

 

15. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған сөйлемді көрсетініз.

а) Әдейі сізге жолығайын деп келдім. ә) Шақырғанда дереу жетіп барды. б) Ол өте жақсы білсе де,жорта білмегенсіп отырды. в) Мұнда кілең жастар отыр екен. г) Бұл енді қасақана істегендері.

 

16.Жанама толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Аурудың қоздырғыштары шаң-тозаң арқылы тарайды. ә) Қызылша сау балаға ауру баладан жұғады. б) Бауыр мен тамақтың ісінуі мүмкін. в) Ауруды ерекше микроб қоздырады г) Бөртпелердің пайда болуы мүмкін.

 

17. Тура толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тоқ бала аш баламен ойнамайды. ә) Дұшпаныңнан бір сақтан. б) Қателесу – адамға тән нәрсе. в) Қайтып кірер есікті қатты жаппа. г) Аттан тай озады, атадан бала озады.

 

18. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қазақша оқиды ә) барғым келді б) университеттің жаны в) созылмалы ауру г) қауіпті ауру

 

19. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) Жанаттың кітабы ә) ауруға қарсы б) үйге бару в) жедел қабыну г) қоспаны дайындау

 

20. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

а) Наурыз мерекесі құтты болсын ә) Бүйрегіңіз қалай ауырады? б) Бүгін студенттерге ауруға қарсы вакцина егілді. в) Айтқан жерге тез жетсін. г) Алтынның сынығы.

 

 21. Қате құрылған сөйлемді көрсетіңіз. а) Дене еңбегін шұғылданғанда бауырыңыз ауыра ма?. ә) Темекі тартқаныңа қанша уақыт болды? б) Жүйке жүйесінің зақымданып болды. в) Ішкі мүшелердің сырқатынан пайда болды. г) Мидың жұмысы қан тамырларының қызметімен тығыз байланысты.

 

22. Берілген сөйлемнің жалғасын табыңыз. Шыққан буынды тек маман дәрігерге ... .

а) көрсетіп емдеуге ә) қаратуға керек б) көрсетіп кеңес алған жөн в) беріп жатсаң г) тексерткен

 

23. Сөйлемді аяқтаңыз. Жұқпалы аурулар ... .

а) ауа арқылы таралады ә) зат арқылы жүреді б) микроорганизмдердің енуінен пайда в) сыртқы ортаның әсері болса г) ағзаның жалпы күйіне

 

24. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Денсаулығыңыз қалай ә) Жүрегіңіз айни ма б) Самат өзінің досы туралы айтты в) Сабақ қашан басталады г) Бұл қандай дәрі

 

25. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Студенттер дәрісханада отыр. ә) Дәріні салқын және қараңғы жерде сақтаңыз. б) Сіз нешінші курста оқисыз. в) Тұмау - өте жұқпалы ауру. г) Кезекші дәрігер келетін шығар

Правильно ответьте буду очень благодарен вам​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
yuliaivanova1
yuliaivanova1
18.05.2023
- Сен алғашқы мұражай қалай қалыптасқанын білесің бе? 
- Иә. Алғашқы мұражай бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени құндылықтарды сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан. 
- Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды? 
- Көне замандағы коллекциялар. 
- Ал коллекция ісімен кім айналысқан? 
- Аристотель, Рим патшасы, Юлий Цезарь. 
- Еуропада мұражайлар қашан пайда болды? 
- Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды. 
- Алғашқы мұражайлардың қандай түрлері ашылған? 
- 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж(халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты. 
- Ал Қазақстанда мұражай тарихы қашаннан басталады? 
- 1830 жылдан басталды. 
- Рақмет, бүгін мұражайлар туралы көп мәлімет алдым. 
7) Мәтінді тыңдап, аудару. Қазақстандағы мұражай тарихы 
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік музей (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет музейлері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады.[4] 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық музей күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. 
4,4(71 оценок)
Ответ:
kiska625
kiska625
18.05.2023
--Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесін?
--Қазақ халқының  музыкалық аспабына ,домбыра, қобыз , жетіген, адырна жатады.
--Домбыра ол қандай,  неден жасалады ?
--Домбыра ол қос ішекті, ағаштан жасалады.
--Домбыраның даусы қандай ?
--Домбыраның даусы майда, құлаққа жағымды.
--Аңыз бойынша қобызды кім жасаған ?
--Аңыз бойынша қобызды жасаған  Қорқыт  ата.
--Қазақ халқыңың қандай ұлттық мерекелерін білесін ?
--Қазақ халқының ұлттық мерекесі, Наурыз мерекесі..
--Бұл мереке қашан тойланады ?
--Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.Наурыз жыл басы.,күн мен түннің теңелген күні.
--
4,8(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ