Ахмет Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. 1884 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі « Әдебиет танытқыш» (1926). Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды.
Табиғатынан зерек Ахмет 1882—1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мектептерде, училищелерде сабақ береді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халык өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, "халық жауы" деп аталған Ахмет 1938 жылы атылады.
1988 жылы ақын ақталды.Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында "Маса" атты өлеңдер жинағы шықты.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.
Қиял - Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді
Объяснение:
Я не знаю правильно или нет