М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rufdiana
rufdiana
06.03.2021 04:36 •  Қазақ тiлi

помагите по казахскуму языку 1 Қаныш Сәтбаев кім? 2 Ол қай жерде туды? ​


помагите по казахскуму языку 1 Қаныш Сәтбаев кім? 2 Ол қай жерде туды? ​

👇
Ответ:
лолкек66
лолкек66
06.03.2021

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Балалық шағы және білім алуы

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан[2][3].

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов.

Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.

1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты.

Объяснение:

4,6(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
valeriya210322
valeriya210322
06.03.2021

Уақыт пен кеңістіктің кемел болмыстарының бірі де, бірегейі де – пенденің қолымен емес, уақыт керуенінің жолымен өрнектелген, келер ұрпақтың болжамы емес тұтас зерденің пайымы мен шегенделген тарихнама беттері болса керек.Осы ретте жазба тарихы кемдеу өлкеміздің кешегі өрлігін де, ерлігін де, кісілік келбеті мен кемел тұлғасын да толымды қалпында танып-білуге апарар әділет жолы – тарихи-мәдени мұраларда жатыр дер едік. Қазақ даласында көне дәуірлердің көзіндей 25-мыңнан аса тарихи жәдігерлер бар. «Өткенсіз келешек жоқ» дейді халық даналығы. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Әрбір атқан таң мен күн тарих бетінде таңбаланып, келешек ұрпақтың еншісіне тиері анық. Ендеше, тәуелсіздік алған жылдардағы төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеу, тарихи ақтаңдақтарды ақтап алу, олардың есімдерін жаңғырту халқымыздың тарихи сана сезіміне ерекше серпіліс, дүмпу берсе, жаңа мыңжылдықтардың басындағы Елбасы бастамасымен жүзеге асқан жас мемлекетіміздің елдігін күллі әлемге танытқан «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық тарихымызды жинақтап, өткенімізді сараптауға мүмкіндік бергені белгілі. Ал, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты сараптамалық мақаласы «Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы, бір бөлігі іспетті. Ұлт рухын көтеретін, халқымызды тың ойларға жетелейтін, еліміздің тарихи дәрежесін, тарихи мәдениетінің дәрежесін бүкіл әлемге паш ететін бұл мақала аты айтып тұрғандай Ұлы даланың жеті қырын айқындап, алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді.

4,4(44 оценок)
Ответ:
Хэлпер228666
Хэлпер228666
06.03.2021
Менің ойымша, мақсатқа ұмтылыс - адамның оң сапасы, оған кедергілерді еңсеруге және өз мақсатына жетуге көмектеседі.    Барлық адамдар бірыңғай және мақсатсыз бағдарланған болып бөлінеді. Өмірде ерік-жігері бар, нәтижеге жетуді қалайтын адамдар көбіне жеңеді. Тіпті бұл адамдар ерекше талантты емес. Адамдар талантты, тіпті тамаша, бірақ үнемі еңбекке үйренбейді, олар өздерін үстемдікке үйренбейді, өз істерін жиі қиындықтармен ғана кездестіреді.

Дәлелдеу ретінде А.Драбкинаның мәтінінен мысал келтіреміз. Осылайша, Зоя өз балалық шағында хореографиялық айналымға түсуді қаламады, себебі оның аяғындағы қиындықтар. Бірақ бұл кейіпкерді тоқтатпады, ол өзі би биледі. Ол театр институтына келгенде, ол соншалықты бейнеленген, ол қабырғаға көтерілуге ​​тырысып, емтихан қабылдаушылар түсінді: оны алуға болмайды. Оның өмір туралы негізгі сөздері: «Мен әрқашан би билгім келді!»


Мақсаты үшін тағы бір мысал Л.Н. Толстойдың Филипп. Автор кішкентай баланың шын мәнінде қалай үйренгісі келетінін көрсетеді және бұл тілекке ананың тыйым салуымен де, балаға мектептегі шабуыл жасаған зұлым иттермен де, ең алдымен қатаң оқытушымен де тоқтамайды. Филиптің шынайы тілегін білгісі келгендіктен, оқытушы ақырында оған үстелге отыруға мүмкіндік береді және баланың анасын оны мектепке жіберуге рұқсат етеді. Осылайша, бала үшін үлкен кедергілерді жеңе отырып, Филипо өз қолына жетеді, адалдықтың орындалуы оны бақытты етеді.

Қорытындылай келе, мақсаттылық адамның қиындықтармен күресіп, қалағанына жетуіне мүмкіндік беретін өте маңызды адамгершілік сапасы деп айтуға болады.
4,7(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ