Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Оған «Отан отбасынан басталады» деген сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасылық құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп,болашақта отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады.Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек.Қазіргі жахандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты.
Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек олай болмаған жағдайда яғни тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті екенін айтады. Осыдан келіп өз өмірлерін қажетсіз дүниелерге сап етіп жүрген адамдарды көруге болады.Бұл адамдардың озіндік мені,ішкі дүние танымы, өзіндік санасы қалыптаспаған. Осындай адамдарға (сен кімсің? өмірдегі орның қандай? болашақта кім боласың? - деген сұрақтарды қоятын болсаңыз «білеймін»деген жауап естисіз.Бұл деген аталған азаматтың өзіндік ойы, шешімі жоқ екенін дәлелдейді,және қоғамға етене араласып кете алмауының себебі де осы.
Жасыратыны жоқ қазіргі жаһандану заманында отбасылық құндылықтарды қалыптастыратын негізгі факторларды ғаламтор, ашық түрде көрсетілетін ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдары алмастырған. Әрине бұл заманның талабы да шығар... Бірақ ғаламтардың зияны сол адамның санасын улап тастайды, әсіресе жас балалардың. Қазіргі уақытта тіпті бастауыш сыныптардың өзіне реферат жазуға беріледі,әрине үйінде ғаламторлары бар балалар ақпаратты соның ішінен іздейді,бірақ қандайда бір ақпаратты іздеп тапқанның өзінде, ашылған маниторды жан-жағынан басып кеткен уятты суреттер шыға келеді. Жоғарыда отырған әкімшілік осы мәселеге баса назар аударып осындай сайттардың шығуына тыйым салса екен дейміз. Өйткені қазіргі ақпараттандыру заманында бұл жағдай қоғам дамуына өте қауіпті. Бұл айтылған мәселелер қазіргі кезеңде әлеуметтік мәселеге айналып отыр.
Дегенмен де, біздің қоғамның азаматтарының бәрі бірдей өмірде өз орынын таба алмай жүр деуден аулақпын,қалай десек те отбасылық құндылықты қалыптастыратын ата-бабамыздың қанымен келген салт-дәстүріміз бар емес пе.Байқап қарасақ қазақ халқының салт дәстүрінің 90 пайызға жуығы отбасылық қарым-қатынастарды дәріптейтін дүниелерге арналған екен. Бұл деген қазақ халқының отбасылық бірлікті, татулықты қатаң сақтау арқылы ғана берекелі ел боламыз дегені. Мысалы, қой сойылғанның өзінде әр мүшесін келген қонаққа мүшелеп беруінің өзінде мән бар, асар жасау (көптің көмегі асар деген мақал осыдан қалған) бұлда бірліктің негізі. Жалпы айтқанда,адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі жағдайы осы салт-дәстүрлерде ерекше мәнге толы. Мемлекеттің болашағы жастар. Әрбір өскелең ұрпақ осы жақсы қасиеттердің бәрін бойына сіңіріп, болашақты дұрыс болжай алатын саналы азаматтар болса нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттың сақталуы,елдің бірлігі – бойында патриоттық сезім ұялаған жастардың қолында екенін ұмытпайық
Объяснение:
Дурыс
А адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ.
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…