Алдар Көсе
Алдар көсе бізге халық ауыз әдебиетінің
өкілі, ертегі, аңыз әңгімеле кейіпкері
ретінде таныс. Алдар- тапқырлығымен,
айла-амалдарымен, қулық істерімен
халыққа кең танымал кейіпкер. Алдар
Көсенің көптеген ертегілері маған ұнайды.
Мәселен „Алдар Көсе мен Шық бермес
Шығабай әңгімесінде сараң Шық бермес
Шығабайдың асын жеп, атын мініп, қызын
алса, саудагерлердің өгіздерін айдап
әкетеді. Ол байлар мен хандардың
тапқан пайдасын ешқашан өз пайдасына
жұмсаған емес, мақсаты- қарапайым
халыққа бұйырмаған қанағатсыз байлардың
байлығын шашу. Адар Көсе әділдікке жақ
өтежақсы адам болған.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.[1
Объяснение:
Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.
Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады.
19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады.
Дурс щгар