Б.д.д. II мыңжылдықтан бастап Алатаудың, Алтайдың, Саянның, Ханғайдың, Хэнтэйдің, Тәңіртаудың, Оралдың және де Сібірдің іргелі аумақтарында мекен еткен тайпаларында аңшылық шаруашылығымен қатар егіншілік істері, әсіресе мал шаруашылығы, оның көшпелі үрдістері аса қарқынды дамыды, жылқыны қолға үйретті, жайылымдық мекен өрістері кеңейді, палеометаллдар өндірісі күшейді, соынмен қоса мифтік наным сенімдері де беки бастады, оған негізделінген синкретикалық "өнер туындылары" молайды, тасаттық-ғұрыптық кешендерді (күн, ай, қару-жарақ, бұғы бейнелі ұстынтастар) орнату салттары белең алды, көсемдер мен рулық, тайпалық қарым-қатынастары да қарқынды дамыды, айырбас саудалар орнықты ("андронов", "беғазы дәндібай" мәдени тарихи қауымдастығы қалыптасты) [Маргулан, Акишев, Кадырбаев, Оразбаев, 1966 , Маргулан, 1979]. Бір сөзбен айтқанда, Еуразия кеңісітігінде аты-шулы көшпелілер өркениетінің негіздері басталып та кеткен еді. Осы кезеңдерде өлікті жөнелтуде аса ірі көлемді және одан орташа, кішігірім өлшемді қорғандарды таспен қалап орнатып мүрдені ағаш табытқа салып көму салттары қалыптасты. Аталмыш қорғандардың биіктігі 4-17 метр, ал шеңберлері 30-130 метр болды. Бұл алып қорғандарды сол дәуірлердегі қоғамдық-әлеуметтік жүйесінің билік тұлғалары, батыр ғұламалары және ру-тайпалық көсемдері сынды атақ дәрежелеріне байланысты салды деп қарастырады зерттеуші ғалымдар. Бұл орайда археологиялық зерттеулердің нәтижесінде б.д.д. VII-V ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия аумағында анықталған Бесшатыр, Есік, Шілікті сынды алып қорғандар сол заманның билік тұлғаларының «патша қорғандары» болған деп қарастырады. Оны аса бай салтанатты зат-бұйымдарының археологиялық табылымдары да растайды.
Қыс. Барлық адам бұл кезде үйді-үйлеріне жетуге асығып, қыстың ертегідей сұлулығын байқамайды. Үйге барсам жұмысқа, жұмысқа келсем үйге асығып отыратынымның себебі не екен? Мүмкін тоңғанды қаламайтын шығармын, ал мүмкін бұл мезгілдің кереметтігін жаныммен сезініп, түнгі Алматының ару жүзін көруге асығармын. Ақ мамыққа оранған саябақтарында серуенге шығудың өзі – поэзия. Әсіресе жалғыз. Сол, балалық шақтағы апамның айтқан пеш түбіндегі ертегілер шығар? Сол ертегілердің кейіпкері болып, таңғажайып қиял әлеміне еніп кеткен сәттерімді сағыну шығар? Әйтеуір, Жаңа жыл келгенше бір ғажапты күтемін де жүремін. Кейде ойлаймын, неге тез есейдім деп. Мамыражай сәттерде, майшамның жарығымен қабырғаға әр түрлі жануардың бейнесін салып, оны бір-бірімізге көрсетіп отыратын көңілді кештер-ай. Пештің сексеуілді қыздырып, гүрілдеп тұрған сәті ол кезде бір құбыжықтай көрінетін. Құрақ көрпеге тығылып алып, ертеңгі күнді ертегі әлемдей елестетуші едік-ай. Әжем қыс туралы қиял әлемім сақталған әңгімесін өзімен бірге әкетіпті. Кейде әжеме ренжимін...
Менің сүйікті әнші жоқ, мен әртүрлі әртүрлі музыканы тыңдаймын! Менің сүйікті музыкам жанры: рэп, поп. Мен ағылшын және орыс тілдерін де тыңдаймын. Мәселен, қазір жас адамдар арасында танымал әнші, скриптонит. Ол орыс тіліндегі әндерді орындап, рэп қолданумен жиі ән шырқайды. Сондай-ақ, ағылшын тілінде орындалатын көптеген танымал әндер бар, мысалы: Rockstar, Havana және тағы басқалар. Барлық әндерде әр түрлі аудармалар бар және әрдайым мағынасы бар. Мен музыкант емеспін, мен барлық әндерді ұнатпаймын, кейбіреулерін тыңдай алмаймын

Объяснение