1. -Сәлеметсіібе сен осы соңғы орта кәсіпкерлікті дамытып жандандыру туралы естідіңбе? Осындайға қалай қарайсын? Сен қарсы емессің бе?
-Сәлем! Жоқ, мен керісінше осындай жандандыруларға өте қуаныштымын. Себебі, мен де басқалар сияқты орта кәсіпкерлік иесімін. Ендігі біздерді қолдау жөніндегі жарлықтарға оң көзбен қараймын.
-Әрине, егер орта кәсіпкерлік дамитын болса, ол ел экономикасына өз пайдасын тигізеді. Халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартады.
2.-Тыгда, егер екеуміз осы шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып өз ісімізбен айналысуға қалай қарайсың?
-Осы ЖШС-ның негізгі мақсаты ең алдымен пайда, яғни, қаржы табу болғандықтан мен келісетін шығармын. Бірақ құрылтайшылар саны 100-ден аспай керектігін ұмытпағайсың.
3.-Мен жақында өз салымдарымды еуроға өзгерткем. Ендігі өзіңізден мені істегенім дұрыс па деп сұрағым келеді.
-Адамның өз каржысын қай валюта аударсада құқылы, дегенімен, аудармас алдында қаржыгерлерден сұрау жөн болар.
4.-Сіздің ойыңызша экономиканың өзекті мәселесі қандай?
-Экономиканың жақсы жақтары туралы қарын тойдырып айту мүмкін емес. Бірақ, менің ойымша ең бір қиын мәселесі- ұшыраған дағдарыс деп ойлаймын.
ответ:Ата-ана – отбасының асыл діңгегі. Балаға жарық дүние есігін сыйлап, оны өсіріп тәрбиелеуші, өмірдің бір кірпіші болып қалануына септігі тиетін жандар.
Менің де осындай алтын ата-анам барына мың да бір шүкір. Әрқашан маған демеу болып, менің өмірде адаспай жол табуыма, жетістіктерге жетуіме тілектес адамдар болса, соның бірден-бірі – менің ата-анам. Мен олармен әрқашан мақтанамын. Асқар таудай әкем – менің тірегім. Менің- қамқоршым. Өмірде жол сілтеп, тәрбие беріп отырған әкеме сансыз мадақ айтамын.
Ал, анам жайлы айтар болсам, әрине, айтып тауыса алмаспын. Менің анам-менің жүрегім, менің-тілекшім, менің-жанашырым, менің –баға жетпес асыл қазынам. Анам- жапырағын тереңге жайған алып бәйтерегім. Ал, біз сол бәйтеректен қанатын енді ғана қатайтып біріміз ұштық, енді біріміз өз ұямызды тауып кетпесек те, ана жылулығынан алыстамыз. Оның әрбір айтқан сөздері жүрегімде мәңгі сақтаулы. Маған осындай керемет жандарды сыйлаған Аллаға шексіз ризамын.
Үлкен өмір табалдырығын аттап, арман қуып, білім алуға, әсем қала Алматыға келгеніме көп уақыт бола қоймаса да, оларға деген менің сағынышымды айтып жеткізе алмаймын. Алдағы уақытта сол ата-анамның үмітін ақтап, оларға зор қуаныш сыйлау- менің мақсатым.
Міне, менің ата-анам ауыз толтырып айтарлықтай алтын жандар. Бұл ата – анама деген құрметімнің кішкентай ғана бөлігі. Оларға деген ыстық махаббатым, ыстық сезімім бәрі – бәрі жүрегімде!
Объяснение: