Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан..
Алакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысы Сасықкөл маңы жақта орналасқан.
Алматы қорығы Алматы қаласына жақын жерде орналасқан.
Барсакелмес қорығы Арал теңізі жақта орналасқан.
Батыс Алтай қорығы Риддерге жақын жерде орналасқан.
Қаратау қорығы Жамбыл облысында орналасқан.
Қорғалжын Теңіз көлі мен Нұра өзенінің ортасында орналасқан.
Марқакөл қорығы Марқакөл көлінің маңында орналасқан.
Наурызым қорығы Қостанай облысында орналасқан.
Үстірт қорығы Маңғыстау облысында орналасқан.
Объяснение:
Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан.
Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
[ЛУЧШИЙ ОТВЕТ]
Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан – маусым айларында 2 – 3 рет көбейеді, 3 – 10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.[2]