Мен ұнататын қысқы табиғат.
Кеше жапалақтап қар жауды.Бүгін таң сәріде тысқа шықсам,айнала мамық қарға оранған.Ал алтын күннің сәулесінен қар беті одан әрі жылтырай түскен.Қыстай тоздырамын деген шанамды сарайдан зорға дегенде шығарып алдым.Атам биік жерге жинап қойыпты.Қалың киімдерімді қар қазір ғана еріп кететіндей асығыс киіп алдым да далаға шанамды сүйреп шықтым.Мұз айдынының маңындағы алаңда мен секілді балалар аққала тұрғызып,асыр салып ойнап жүр.Мен де бос тұрмай төмпешіктен төмен қарай сырғи түстім.Байқаусызда көрші балалардың аққаласын түйіп кеттім.Олар маған жалт қарады.Мен олардан кешірім сұрадым да жаңадан аққала салып беруді жөн көрдім.Қыстың осы бір әдемі әрі қызықты күнінде күннің қалай батып бара жатқанын да байқамаппын.Анам алыстан дауыстап шақырды.Мен өзгелермен қоштасып,үйге қарай астымдағы күтірлеген қарға қызығып кете бардым.Үйге келіп жылындым да,терезедегі аяз салып кеткен әсем қырауларға тамсана қарадым.Қысқы табиғат маған осындай ғажаптағымен ұнайтын.Әрі маған биылғы қыс өте керемет өтетіндей көрінді.
Үлкен-кіші болсын әдеп сақтау халықтық тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы әдеп сақтаудың тамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бүрын сөйлемеу, келінге сыпайы сөйлеу, ата алдындағы иба. Халық ортасындағы инабат, мешіт ішінде әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгерпшілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе жатқан әдеті әрі ғұрпы. Бұлардың бәрі жасына қарамастан тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі үзіліссіз қызмет етіп келеді. Әдептілік — әр адамның бет-бейнесі, өзін-өзі таныту жолындағы іс-үлгісі, адамның қасиеті екені сөзсіз.