-тапсырма. Мәтінді оқы, жаңа сөздер көмегімен аудар (Прочитай текст) Мәтін:
Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады.
Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие.
Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек. (124 сөз)
(озаглавь)
ЖОСПАР: План текста)
Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.
Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы əрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, əртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мəніне оған сəйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар. Мысалы, осы детальдардың үйлесімін қазақ қойылымдарының ішінде «Ай-Қарагөз» қойылымынан көруге болады. Т.Шапайдың «Дариға - дəурен» əнін қойылымға дөп түсірген.
Композитордың өмір сүретін дəуірі мен оқиғаның өрбитін кезеңі бірғасырдан астам уақыттай болады. Алайда, бұл ешқандай кедергі болмай, сол қойылым мен əн тамаша үйлесіп тұр. Бұл жерде музыкалық режиссердің еңбегін атап өту керек. Немесе «Қызыл орамалды шынарым» қойылымындағы қырғыз əні де тамаша сəйкестендірілген. Спектакль бастан аяқ қазақ тілінде болса да, сол əн арқылы қырғыз халқының рухын сезінгендей боласың. Шыңғыс Айтматов есіңе түседі. Қырғыз қойылымында отырғандай сезінесің. Ал сахнаның сәнделуінің өзі - бір өнер. Сондықтан театр өнері барша өнердің ұйысқан жері деп сеніммен айта аламыз.
Театр қойылымдары пьесаның мəтіні бойынша, режиссердің, əртістің, суретшінің, композитордың жұмысынан құралады. Жалпы қойылымның негізі драматургиядан басталады. Тіпті қойылымда мүлдем сөз болмағанның өзінде мəтін өте қажет деталь. Ал сол драматургияны сахналау – кəдімгі бір тілден екінші тілге аударғандай процесс. Ал оның көрерменге жетуі мүлдем басқа жағдай.
Арасынан алып жазсаңыз болады