М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maks200206
maks200206
30.10.2020 18:47 •  Қазақ тiлi

Мәтіннің тақырыбы не? "Волоколамск тас жолы", Бауыржан Момышұлы, Ұлы Отан соғысы.​

👇
Ответ:
Nematzoda1999
Nematzoda1999
30.10.2020

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].

Өмірбаяны

Балалық шағы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан[3].

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы,

4,8(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Вова200711
Вова200711
30.10.2020
Скандальное видео Силены Гомез взорвало интернет! Ютуб разрывает от просмотров! Подробнее Подробнее Народ ОНЕМЕЛ после этих фото Баян Есентаевой. Она НЕ ... Қазақша шығарма: 6 Шілде - Астана күні (Астана - отанымыздың жүрегі) Nokia 6700 на 2 сим-карты. Дешево Мощный аккумулятор и отличное качество связи. Гарантия 1 год Подробнее «Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.
4,6(49 оценок)
Ответ:
Arin0209
Arin0209
30.10.2020
Алматы – менің сүйікті қалам.    Кейде қауырт  тірліктен шаршап, тыныстағым келгенде балконға шығып кететінім бар. Күрең күзбен бірге құлазып қалған көңіл бір нәрсені қалайтын сияқты. Көзге  емес, көңілге тізгін беріп шоламын айналамды. Кәрі Алатаудың бауырында жатқан түнгі Алматы. Аспанға ұмтылған абат үйлердің  ар жағынан еңсесін еңкейтпеген Алатау менмұндалап қол бұлғайды. Күндіз де, түнде де тыншыматын ару Алматы  кәрі қамқоршысының қарауында.  Алматы – Алатаудың ару қызы. Түн құшағына еніп қарайып кететін Алматы жоқ. Мүлгіген қарт Алатаудың қойнында жатса да  түн баласы келгенде қайта түрленеді. «Өмірдің қиындығына төзе біл. Болашағыңды түрлендір!» деп сыр айтқысы келетін сияқты түнгі Алматы. Өз басым солай ұғамын.   Кейде түнгі шамдарын жаққанда ерекше құлпырады. Әсіресе көзге оттай басылатын ақ шамдары  аппақ арманға алып ұшатын ақ қанаттардай көрінеді. Айтпақшы, арман демекші, Алматы  біреуге – арман. Армандар орындалатын мекен. Жер бетіндегі жұмақ. Ақ тілегін алдынан ақтарып, Алматыдай алып қалаға әр ата-ана өз баласын талай аттандырған. Қашанда «тәбірік» болған сол дәстүр ешқашан толастаған емес. Тіпті қол жетпес айдай болса да,  болашағына «бал ашқандар» өз тағдырын дәу қаламен байланыстыратын. Кішкене шабаданын қолына ұстап,үлкен арман мен үміт жетелеп келген қаншама  жандар осы мекеннен бақытын тапты.    Мен осы қалада туып-өстім. Алматы менің – сүйікті қалам.Тротуарда тусам да қазақтың қадірін білетін жанмын. Біреулер «қалада қазақ болмайсың, қазақылық кеткен» деп жатады.Даланың төсінде еркелеп өскен ауыл балаларынан кем түспеймін. Себебі,қазақылық пен қарапайымдылықтың иісі қалада да бар. Тек оны көре алатын қырағы көз керек. Мен сүйікті қалам – Алматымен  мақтанамын, марқаямын.      Байқасаңыз әрқашан жан-жағын жан шуағына бөлеп,  сәуле шығаратын жақсы жандар болады ғой. Мен Алматыны соған ұқсатамын. Біреуге арман болған, біреуге бақыт  әкелген Алматы. Біреуді қолтығынан демеп, желеп-жебеп, арманын – асуларға, өзін қарапайымнан  асылдарға жеткізген Алматы. «Таланттар далада туып, қалада өледі» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, алақанға салып әлдилеген – Алматы. Берекесі мен мерекесі, тірлігі мен бірлігі жарасқан – Алматы. Талай тағдырды тоғыстырған, жалғыз жүректерді жолығыстырған–Алматы. Еркіндік пен кеңдікті, насихат пен теңдікті ұстаған –Алматы. Мұң-қайғы мен шаттықтың, жастық пенен қарттықтың куәсі болған –Алматы. Ақындарға жыр болған, сазгерлерге  әуенмен шертер сыр болған–Алматы!..    Күндіз қаптаған халық нөпірінен  еңсеңді езіп тастайтын қала  түн келсе де түнермей жарық шамдарын жағып, мені тыңдап, тына қалғандай болады. Күндіз мен оны, ал түнде ол мені тыңдайды. Шабытыма шабыт қосып, шарқ ұрғызады. Кейде қиял жетегіне еріп, балконнан әрі асып, ұшып шығып  «қабақтарын түкситкен тау аталарға» қарай бір тартқым келеді. Жарқырай жылы шырай танытып тұрған әсем Алматыны сонда отырып бір көргім келеді.Ынтықпын өзің жайлы жұмбақтарғаЖер бетінде өзіңдей жұмақ бар ма?..  Бір муза-сезім қылымды  қозғайды...Өзіңе ән-жыр арнаған  алдыңғы толқынның көшіне еріп,   мен де сезім қылын шертсем ол артық ете қоймас, ару қала!  Саған әр түн сайын мен сияқты жасөспірімдердің жүрегінен  ақтарған жауқазын жырлардың жазылып жатқаны рас. Алматы – менің сүйікті қалам!
4,5(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ