Оқылым тапсырмалары 1. Поэманы бөлімдерrе белin, ат қояйық.
2. Балім бойынша бір-бірімізге сұрақтар дайындайық.
3. Поэманы оқу барысында кездескен түсініксіз сөздерді белгілеп, мағынасын ашайық
Мысалы: кебе - сауыт (ұсақ темірлерді бір-бірінен өткізіп тоқитын қысқа жеңді
батырлар киімі).
4. Кестені толтырайық. Әр бөлімдегі тірек сөздерді
, басты оқиғаларды жазып, соның
негізінде поэманың негізгі идеясын анықтайық.
Беrім атауы
Тірек сөздер
Басты оқиғалар
Поэманың негізгі идеясы
5. Оқиғаның байланысын, дамуын, шиеленісін көрсете отырып, поэманың компо-
зициялық құрылымын жасайық.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.