Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасытек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.
Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.
Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).
Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.
Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.
Желі– керегені құрайтын ағаштар.
Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.
Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.