М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Qwer3313qw
Qwer3313qw
11.12.2021 01:02 •  Қазақ тiлi

5. Жалпы және жалқы есімдерді қатыстырып, «Менің қиял-арманым» тақырыбында ойтолғау жазыңдар. «Галереяны шарлау» әдісімен үздік жұмысты анықтаңдар.​

👇
Ответ:
Beauty50
Beauty50
11.12.2021

Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі  арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!

4,7(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Алматы - әсем қала

Менің онымен таныстығым анашымның айтқан әңгімелерінен басталған шығар. Бұрын Шымкент қаласында тұрған анам ыстық ауа райына үйреніп қалған болатын. Ал Алматының Шымкентке қарағанда суық екені рас. Алайда ол тамыз айындағы Алматының ауа райын көріп, қатты таңқалған. Сол сәтте бұл қаланың өзіне бірден ұнайтынын түсінген. Бұл қала оны әсем табиғатымен, биік тауларымен, гүлдерінің жұпар иісімен таңқалдырған. Ал мен Алматыны басқа қырынан көрдім десем де болады. Себебі, бұл менің туған қалам. Оны ешбір мекенмен салыстыра алмаймын.

Мен туған қаламды жақсы көремін. Бұл жерде көптеген көркем жерлер мен түрлі ескерткіштер, мұражайлар бар. Қаланың ең көркем жерлерінің бірі – Хамит Ерғали жағалауы. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанынан ағып өтеді. Оның жанында кішкене балаларға арналған ойын алаңдары бар.

Ал Көк-Төбенің әсем табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның биік нүктесінен Алматыны алақандағыдай көруге болады. Мұнымен қатар, Алматы қаласында “Мен қаламды шексіз сүйемін” атты жазуы бар автобустар жүреді.

Ауылға барып келген сайын қаламдағы өзгерістерді көріп қуанып қаламын. Күн сайын жаңа ғимараттар мен үйлер салынып жатады. Түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады.Мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін.

Объяснение:

если не правильно сор

4,4(12 оценок)
Ответ:
2000lev94
2000lev94
11.12.2021

так

Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі.  

Өсімдіктер - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда өсетін түрлері де кездеседі. Өсімдіктер қоры таусылғанымен, қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған.  Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.  

Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.  

Менің ойымша, өсімдіктерді қорғау үшін олардың ресурстарын жаңартып, арам шөптерді жұлып отыру қажет.  

Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестету мүмкін емес. Сондықтан жасыл көгал өсімдіктерді қолымыздан келгенше қорғап, келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!

Объяснение:

4,7(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ