ответ:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі шаңырақ. Шаңырақтың айналасында уықтар бар. Уықтарды қанатты пырақтар қоршап тұр. Пырақ аңыздарда кездесетін қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында «Қазақстан» жазуы орналасқан. Елтаңбаның түсі алтын және көгілдір түсті.
Мемлекеттік әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов. Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Государственные символы РК гимн и герб .
4 июня 1992 года день рождение государственного герба РК. Авторами Государственного герба Республики Казахстан являются Жандарбек Малибеков и Шота Валиханов.Государственный герб Республики Казахстан представляет собой изображение шанырака. От которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся уыки. Справа и слева от шанырака расположены изображения мифических крылатых коней. В верхней части расположена объемная пятиконечная звезда, а в нижней части надпись «Қазақстан». Изображение звезды, шанырака, уыков, мифических коней, а также надписи «Қазақстан» – цвета золота.
Государственный гимн.
государственный гимн РК был утвержден 7 января 2006 года.
Музыка – композитора Шамши Калдаякова, слова – Жумекена Нажимеденова и Нурсултана Назарбаева.
Объяснение:
Мектеп туралы диалог.
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.