Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.
Үшінші — «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?
Абайдың қай қара сөзі болмасын, жүрекпен түсініп, көңілге түйетін нақылдарға бай. Бұл қара сөзінде де, арам ойдан алшақ болуға шақырады хакім. Барлық адамзаттың өзге тіршілік иелерінен сөйлей алатын қабілетімен ерекшеленіп тұратын қасиеті бар. Сондай қасиеттерінің бірі де бірегейі — бір іске икемді болуы. Ішкен тамаққа тойып алып, бүк түсіп жата беру а үлкен сын болмақ. Ал Абай атамыздың бұл ретте айтқысы келген ойы қандай? «Өнері бардың кеселі бар» деген ойды ұстанып, оның төрт түрін көрсетеді. «Бойымдағы өнерім өзіме жетеді» деп білім-ғылым қумай, тым асыра қанағатшылдыққа салынып, талапсыздыққа бой алдыру — пендені кері бағытқа салады десе, екінші бір айтар ойы — еріншектік. Бауыржан Момышұлы атамыз «Адамды үш нәрсе бүлдіреді: арақ, ақша, атақ» деп айтқан екен. Малға мастанып, қит ете қалса, көп жұмыс бітіргендей ақысын сұрап тұруы — қателік. Бұл ретте, «сыйға – сый, сыраға – бал» деген халық нақылын айтсақ, артық етпес. Еңбегіне қарай, ақысын да береді емес пе? Әр зат өз шамасымен болуы керек дегенді ұстанған ұлт ғұламасы үшінші кемшілігінде нендей ой айтты екен? Мақтаған сиырдың күйін кешіп, арзан мақтаудың артынан еріп, аса дандайсып кету өмірден адасудың бір сорақысы екенін айтпақшы. Ақырғы кемшілігі – қарызға бату. «Жасап берші» деген бір ауыз сөзін «мен де біреудің пайдасына керек екенмін» деп жерге тастамай, мойнына алып, шектелген уақытына дейін бітіріп бере алмай жүрсе ше? Басқадан қарыз алып айыбын жуып-шаятынын қайтесің? Сөйтіп, анда тартса, мында жетпей, мында тартса, анда жетпей, «екі қолын мұрнына қыстырдының» күйін кешпек. Тоқ етері, артылған істің жауапкершілігін сезіне білу керек. Өз заманының жайын айтып отырса да, бұның жалғасы қазіргі өмірде көрініс беріп жатқаны жалған емес. Сондықтан, ардың жүгін арқалаған 550 жылдық тарихы бар ұлттың болашағына жалқаулық, салғырттық, боямашылдық деген кері пиғылдар жара хақ.
Жоспар: 1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы; 2)Жамбылдың шағармашылығы; 3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады. Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.
Ұлыстың Ұлы күні Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.
Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.
Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:
«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.
Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.
Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.
ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.
Үшінші — «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?
Абайдың қай қара сөзі болмасын, жүрекпен түсініп, көңілге түйетін нақылдарға бай. Бұл қара сөзінде де, арам ойдан алшақ болуға шақырады хакім. Барлық адамзаттың өзге тіршілік иелерінен сөйлей алатын қабілетімен ерекшеленіп тұратын қасиеті бар. Сондай қасиеттерінің бірі де бірегейі — бір іске икемді болуы. Ішкен тамаққа тойып алып, бүк түсіп жата беру а үлкен сын болмақ. Ал Абай атамыздың бұл ретте айтқысы келген ойы қандай? «Өнері бардың кеселі бар» деген ойды ұстанып, оның төрт түрін көрсетеді. «Бойымдағы өнерім өзіме жетеді» деп білім-ғылым қумай, тым асыра қанағатшылдыққа салынып, талапсыздыққа бой алдыру — пендені кері бағытқа салады десе, екінші бір айтар ойы — еріншектік. Бауыржан Момышұлы атамыз «Адамды үш нәрсе бүлдіреді: арақ, ақша, атақ» деп айтқан екен. Малға мастанып, қит ете қалса, көп жұмыс бітіргендей ақысын сұрап тұруы — қателік. Бұл ретте, «сыйға – сый, сыраға – бал» деген халық нақылын айтсақ, артық етпес. Еңбегіне қарай, ақысын да береді емес пе? Әр зат өз шамасымен болуы керек дегенді ұстанған ұлт ғұламасы үшінші кемшілігінде нендей ой айтты екен? Мақтаған сиырдың күйін кешіп, арзан мақтаудың артынан еріп, аса дандайсып кету өмірден адасудың бір сорақысы екенін айтпақшы. Ақырғы кемшілігі – қарызға бату. «Жасап берші» деген бір ауыз сөзін «мен де біреудің пайдасына керек екенмін» деп жерге тастамай, мойнына алып, шектелген уақытына дейін бітіріп бере алмай жүрсе ше? Басқадан қарыз алып айыбын жуып-шаятынын қайтесің? Сөйтіп, анда тартса, мында жетпей, мында тартса, анда жетпей, «екі қолын мұрнына қыстырдының» күйін кешпек. Тоқ етері, артылған істің жауапкершілігін сезіне білу керек. Өз заманының жайын айтып отырса да, бұның жалғасы қазіргі өмірде көрініс беріп жатқаны жалған емес. Сондықтан, ардың жүгін арқалаған 550 жылдық тарихы бар ұлттың болашағына жалқаулық, салғырттық, боямашылдық деген кері пиғылдар жара хақ.
Объяснение:
дұрс