Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.
Тәкен Әлімқұлов (Тәңірберген) (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауылы – 13.4.1987, Алматы) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.
Төлеңгіт руынан шыққан.[1]
Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың«Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Халықтар достығы орденімен марапатталған.[2]
Тәкен Әлімқұлов Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 - 41 жылдары Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеи жүріп, мақалалар жаза бастаған. 1941 - 45 жылдары Донецк облысында жұмыс істеген. 1945 - 49 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жауапты хатшы,"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде бөлім меңгерушісі. 1956 - 74 жылдары КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 жылдан шығармашылық жұмыста болған. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашкы өлеңдер жинағы "Сапар" 1950 жылы жарық көрген. "Өткен мен қазіргі" (1958), "Ақбоз ат" (1968), "Көк қаршыға" (1972), "Бар өмір алда" (1974), "Сырлы наз" (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрген. Орыс қаламгерлері М.Ю.Лермонтовтың "Измаил бей" поэмасын (1951), П.Павленконың "Бақыт" (1950), Г.Николаеваның "Орақ үстінде" (1952) романдарын, француз жазушысы Э.Сент-Экзюперидің "Кішкентай шаһизада" ертегісін, сондайақ орыс ақындары А.С. Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Әзірбайжан ақын Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. "Халықтар достығы" орденімен марапатталған(1978).