- Сәлем Данияр! Мектеп қалай өтті? Сен қандай белгілер аласың?
- Бәрі жақсы, мен бесеу мен төртеу аламын!
- Сен қандай жақсы адамсың! Бүгінге қандай жоспарлар?
-Мама жаңа бұталар отырғызуымды өтінді.
-Мен саған көмектесе аламын ба, мен тек табиғатты аялағанды жақсы көремін!
-Әрине, Әмір ағай! Мен сіздің көмегіңізге қуаныштымын!
- Онда тез бастайық!
-Ия, біз асығуымыз керек.
-Сен су тасисың, мен бұталар үшін шұңқыр қазамын. Бұл қиын жұмыс.
-Жақсы рахмет!
-Оқасы жоқ.
(бір сағаттан кейін)
- Вуух, қиын болды, Данияр келіседі ме? Сен өте еңбекқорсың!
-Ия, көп рахмет, мен мұны жалғыз қалай жасар едім деп елестете алмаймын! Сіз өте мейірімді және жауаптысыз! Және сіз әрқашан достық пен күш көрсетуге дайынсыз.
-Мен әрқашан көмектескеніме қуаныштымын және сізге рахмет!
Объяснение:
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрбір ана бақытты өмірді, тыныштықты тілейді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алған. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, қасиетті жан. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен деген.
Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.
Анам ауырып қалған кезде мен анамның амандығын тілеймін. Бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың жаны анамдай ашымайтындай болады. Анашым – отбасының тірегі. Барлығы жасы үлкен-кіші туыстарым бір істі бастарда немесе басқа да жағдайларда менің анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып реттейді, кеңес береді. Анам – ажарлы кісі. Анамды қатты жақсы көремін. Анашым мені түсінетіне күмәнім жоқ. Анам ауырмай ұзақ өмір жасаса екен деп тілеймін. Анасыз өмір не болмақ?! Анам аман болсыншы! Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілеймін.
Барлық балалардың аналары аман болсын!
Объяснение:
можно лучший ответ
— Сәлеметсіз бе, Тәкен Әлімқұлов! Сізден қысқаша сұхбат алғым келіп отыр. Сіз қарсы болмайсыз ба ?
— Сәлеметсің бе, әрине! Сұхбатты бастай беруге рұқсат !
— Үлкен рахмет ! Сізден сұхбат алу мен үшін үлкен мәртебе ! Қане, сұхбатты бастайық !
— Жақсы.
— Кей ақын- жазушылар Абайды шығармаларына қосқан болатын, сіздің Абай атамызға арналған шығармаңыз бар ма ?
— Әрине! "Жұмбақ жан" - атты шығармам Абайға арналған болатын.
— Мен білмейді екенмін - ау ! Енді біліп жүретін боламын ! Ал келесі сұрағым : Сізді үлгі тұтатын жастарға қандай бұйымтайыңыз бар ?
— Мен жастарға жақсылықтың жаршысы, ата- анасының ақылдысы, әлемнің қамқоршысы, адамдық диқаншысы болып, тек алға ұмтылыңдар дегім келеді !
— Пах- шіркін, не деген сөздер десеңші ?! Жақсы соңғы сұрағым бар. 1978 жылғы өзіңізге ең ерекше болған, есіңізде қалып кеткен бір оқиғаны атаңызшы.
— "Халықтар достығы" орденімен марапатталған сәтім болар ? Мен үшін 1978 жылғы ең ерекше сәт осы болатын. Қуанышымда шек болмады. Аздап толқыпта тұрдым. Бір ерекше сезімде болдым.
— Осы сөздеріңізден сол марапаттау күніне тап болғандай болдым ғой ! Жақсы, сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет . Сау болыңыз ! Келесі адамнан сұхбат алуымыз керек еді.
— Қуаныштымын, сау бола ғой !