М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kakation
Kakation
11.03.2022 22:23 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі коп нүктенің орнына тиісті есімдіктері кой, көшіріп жазындар

Мөлдір булак пен лай су

Көктем мезгілі. Адамдар бітеліп қалған бұлақтың көзін тазалады.
Молдір су сыкылыктап күліп акты тунык суынан әрі бері жүрген адамдар
мен жануарлар бір сiмiрмей ететін болды. Лай суға... ұнамады
Молдір суды лайламақ болып,... арнасына бұрды. Мөлдір судың үстін
бастыра акты Бiрак жер астынан кайнап шығып жаткан Мөлдір су өнін
бузбайкалпында аға берді. Лай су жаман ойын іске аспағанына ыза
болды.
- Озенін арнасына нелік етуім керек, - деп кеудесін какты Лай су.
көлге бірге барайык, әділдікті айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды
келісімге шакырды. Екеуі көлге келді.
Көл... сөзін тыңлады да:
- ...адамдар мен тіршілікке пайдасы тиесе,... аксын,-деп жауап береді.
бері Молдір сулын ағысы токтамаған екен.

Қажетті сөздер онын, бұл, сол, өзімін, бұл,сап, онда,
олардың, кімнін, содан, сол, мен

👇
Открыть все ответы
Ответ:
657алЕНА
657алЕНА
11.03.2022
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
4,7(91 оценок)
Ответ:
belokurserezhe
belokurserezhe
11.03.2022
Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, бағалы, сүйікті елім. Бұл менің Отаным...
Қазақстанда бір отбасымен он бес миллион адам өмір сүреді, жүзден астам ұлт өкілдері және халықтары. Біздің елімізде басқа тілде сөйлейтін, басқа дін ұстанатын, басқа ұлт адамдары бір елде қалай тұратынына әлі де таң қаламын. Қазақ тілінде, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар және газеттер шығарылады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, эстрадалық ансамбльдер, ұлттық программалар радио және телекөріністерде жүргізіледі. Бүкілімізді, яғни әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін бір нәрсе: біз - Қазақстан халқымыз. Қазақстан - мүмкіндігі көп, тәуелсіз ел. Оның дамуы тез жүріп бара жатыр. Қазір біз жай ғана балалармыз, бірақ келешегімізге жоспар құрамыз, мемлекетке пайда әкелетіндей біреу болуға, елдің әл-ауқатын арттыруды армандаймыз.
Менің Қазақстаным: бейбіт, еркін, бай, көп ұлтты. Біз еліміздің өткенімен мақтанамыз, келешек үшін қазіргіге өмір арнаймыз.
4,4(92 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ