Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын,бір ғана сұраққа жауап беретін,көбінесе бір тұлғада,бір сөз табынан жасалып,бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.Мысалы: Күн бата Арман,Есет,Бейбіт үйлеріне қайтты.Ашық та ақжарқын жүретін жан екен.
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына,қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Тұрлаулы мүшелер: бастауыш пен баяндауыш.
1) Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі,ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан жасалады.Мысалы: Берік үйге жүгіріп келді.Атамекен – маған ыстық туған жер.
2) Баяндауыш – бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады.Мысалы:Мен дүкенге кеттім.Анам жұмысқа бара жатырған еді.
Тұрлаусыз мүшелер: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
1) Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулыпысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.Мысалы: Алыстан әсем тау көрінді.Сөренің үстінде тұрған еді ғой.
2) Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.Мысалы: Үйден кітапты алып қайту керек болды.Інім бүгін күреске қатысады.
3) Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Мысалы: Ол аяғын ілгері басты.Таңертең жолға шықтық.
Д- дауыссыз, ұяң;
Ә-дауысты, езулік , ашық, жіңішке.
Р- дауыссыз, үнді;
У-дауысты,еріндік, қысаң, жіңішке;
М-дауыссыз, үнді;
Е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
Н-дауыссыз, үнді.
М-дауыссыз, үнді;
И-дауысты, езулік, қысаң, жіңішке;
Н-дауыссыз, үнді;
Е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
Р -дауыссыз, үнді;
А-дауысты, езулік, ашық, жуан;
Л-дауыссыз, үнді.
С- дауыссыз, қатаң;
Ү- дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;
Й- дауыссыз, үнді;
Е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
К - дауыссыз, қатаң.
Д - дауыссыз, ұяң;
Е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
Н-дауыссыз, үнді;
С - дауыссыз, қатаң;
А -дауысты, езулік, ашық, жуан;
У-дауыссыз,үнді;
Л-дауыссыз, үнді;
Ы-дауысты, езулік, қысаң, жуан;
Қ - дауыссыз, қатаң;
Қ - дауыссыз, қатаң;
А -дауысты, езулік, ашық, жуан.
Б- дауыссыз, ұяң;
О- дауысты, еріндік, ашық, жуан;
Я- дауысты, и--дауысты, езулік, қысаң, жуан; а-дауысты, езулік, ашық, жуан;
У-дауыссыз, үнді;
Л-дауыссыз, үнді;
А -дауысты, езулік, ашық, жуан;
Р-дауыссыз, үнді.