М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
арма6
арма6
26.04.2020 11:00 •  Қазақ тiлi

Қандай топырақ құнарлы? Топырақтарды суды өткізу сипатымен байланыстыр.

суды тез өткізеді

Суды өте нашар өткізеді

суды аз өткізеді, бойында жақсы сақтайды

Құмтопырақ

Қаратопырақ

Сазтопырақ

Артқа

Тексеру

👇
Ответ:
Лида147
Лида147
26.04.2020

құмтопырақ суды өте тез өткізеді

сазтопырақ суды нашар өткізеді

қаратопырақ суды аз өткізеді, бойында жақсы сақтайды

4,4(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
3JlaK
3JlaK
26.04.2020
Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген.

Жамбыл 8 жасқа келгенде әкесі ауыл молдасынан білім алсын деп оны оқуға береді. Бірақ болашақ ақынға молданың ескіше оқуы қонбайды. Сол тұстағы күйін ақын «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдеріне арқау етті. Молданың ескіше оқуына қанағаттанбаған ақын: «Бала келсе сабаққа, Жем аңдыған дорбадан. Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған» деп, білім беруден гөрі мал табуды көздеген молдаға деген наразылығын жасыра алмады. Бұл қазақ арасына жаңаша оқу ене қоймаған, ескіше оқудың кең өріс алып тұрған шағы еді. Осыдан кейін әкесіне молданың оқуы қонбайтындығын, түсіне өлең кіргенін айтып, қолына домбыра алып біржола ақындық жолға түседі. Жамбыл Шапыраштының Екей деген руынан, бұл елде ақындардың көп болғанын «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деген жолдарынан көруге болады. Осындай ақындық орта болашақ ақынға да мол септігін тигізді.
Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын «келмеді сасық, шалшық жерде қалғым» деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында кімнің сөзін сөйлеу керек? деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. «Жылқышы», «Сараң бай мен жомарт кедей» деген өлеңінде бай мен кедей арасындағы кереғар тірлікті шендестіре отырып қатарластыра жырлады:
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
 Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
 Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
 Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап».
Ел билеушілерге деген елдің наразылығын ашық айта білді. Жайылым жерлерден айырылған қазақ бұл тұста елден үдере көшіп Қытайға жер ауып жатты. Қазақстанның түкпір-түкпірінде патша жарлығына қарсы бой көтерулер болды, Қарақарадағы албандардың көтерілісі де осы тұста болып еді. Осылардың бәріне куә болған ақын ел өміріндегі ірі-ірі тарихи оқиғаларды шығармаларына арқау етті. Аталаған өлеңдері үшін біраз күн ақ патшаның тар қапасында тұтқын да болды. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған тұста кедейге теңдік, әйелге еркіндік берілгеніне ақын да куә болды. Сондықтан да оның шығармаларынан ірі байларды конфискелеу, қосшы ұйымын құру, шабындық пен егістік жерлерді қайта бөлу, кеңес сайлауларын өткізу сынды саяси және мәдени науқандар кең орын алды. Осылардың бәріне куә болған ақын халқымен бірге қуанып, бірге шаттанды. «Кедейлерге», «Қазақстан тойына» бұқараның жырын жырлады.
Ақын «Мұнша жасқа келгенде, Не көріп, не білгеннен. Бір ауыз сөз айтылмай, Қалса – үлкен мін ақынға» дей отырып, сексеннен асып, тоқсанға таяған шағында көрген-білгендерін ой қазанында қорытып, өмір жайлы толғауларын жазды. Оның «Замана ағымы», «Туған елім», «Менің өмірім» атты толғауларының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Жүз жасаған ақынның өмір сүрген уақытында қазақ халқының басынан неше алуан ірі-ірі тарихи оқиғалар өтті. Ақын қазақтың жүз жылдық тарихының ғана емес, арғы-бергі тарихының өмір шындығын көркем шындыққа айналдыра білді. Ол толғауларында Қоқан хандығы, одан ақ патшаның қол астында отар болып, «Қысым көрген, қырылған, Таланған да шабылған» қазақ халқының аянышты тірлігі мен Қазан төңкерісімен келген теңдік пен бақытты өмірді «Жамбыл қарт жетпіс екі жасағанда, Николай ұрған доптай тақтан ұшты. Жарқырап бостандықтан сәуле түсті – Жабырқаған халықтың көңілі өсті!» деп жырлады. Жүз жасаған ақын Жамбыл Жабаев халық поэзиясының алыбы ғана емес, «ХХ ғасырдың Гомері» атанды. Ол халық поэзиясы арқылы қазақ халқын да әлемге танытты.
4,5(82 оценок)
Ответ:
afkds
afkds
26.04.2020
Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және а ң қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы өз жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.
4,8(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ