М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anyalike
anyalike
22.11.2022 13:17 •  Қазақ тiлi

Қандай топырақ құнарлы? Топырақтарды суды өткізу сипатымен байланыстыр.

суды тез өткізеді

Суды өте нашар өткізеді

суды аз өткізеді, бойында жақсы сақтайды

Құмтопырақ

Қаратопырақ

Сазтопырақ

Артқа

Тексеру

👇
Ответ:
murarr
murarr
22.11.2022

суды нашар өткізеді-сазтопырақ

тез өткізеді- қаратопырак

суды аз өткізеді-құмтопырак

4,4(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Шурочек
Шурочек
22.11.2022
Баянауыл – «Баян» деген сөз – әйгілі, айтулы, мәлім, даңқты, 
белгілі, тұрақты ұғымын; «аула» деген сөз – орын, аймақ, айнала, мекен-жай, маң, т.б. жер атауларын білдіреді. 
Климаты тым континенттік (жазы – ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор. 
Жасыбай – Баянауыл ауданындағы табиғаты көркем, тұйық көл. Жағалауында демалыс үйлері, «Баянтау» туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар. 
Сабындыкөл – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аңызында айтылғандай, ару Баян бірде шомылып жүріп, қолындағы сабынын көлге түсіріп алыпты. Осылай көлдің суы жұмсақ, кір ашатын қасиетке ие болыпты. Содан Сабындыкөл аталыпты. 
Торайғыр – Торайғыр ауылының жиегінде орналасқан әсем көл. Көл жағасында жасыл ағаштар, тау бөктерлері мен таудан аққан бұлақ бар. Суы мұздай салқын, мөп-мөлдір, ішкенде шөлінді қандыратын қасиеті бар. 
4,7(45 оценок)
Ответ:
ruzall
ruzall
22.11.2022
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңірепөткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. 
4,7(91 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ