Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22506/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
ответ: 1Менің суретім әдемірек
2 Бұл жердің табиғаты әдемірек
5 Мына су тазалау
6 Құдықтың суы салқындау
8 Өзеннің мұзы қалыңдау
9Бұл жерге Бурабай жақындау
10 Ойын алаңы кеңірек
11 Қысқы ойын көңілдірек
12 Шаңғы тебу қызықтырақ
13 Күн райы бақша егуге қолайлырақ
14Менің шағам жаңалау
15Біздің ормансыз жасылырақ
16Сенің ағаңның бойы ұзынырақ
17 Біздің даламыз жазықырақ.
Объяснение: