М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kseniazaica
kseniazaica
03.03.2021 08:34 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему фастфудтын зияны

👇
Ответ:
PoMOgiTe212lk
PoMOgiTe212lk
03.03.2021

Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік.

Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін. Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді. Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі. Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі. Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен.

4,8(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bodleva06
bodleva06
03.03.2021

Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді ме ?- деген сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер былай деп жауап береді. Тарихи деректер Жәңгір ханның отарлаушылар саясатынан халқын қорғаушы , еліне мәдениет пен білім, мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Сонымен Жәңгір хан кім? 1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті.[1]

Әр нәрсенің әділдігі керек, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да генерал-губернаторлар жақсы біледі. Сол үшін де Жәңгір атақ-абыройдан кенде қалған жоқ. Хан тағына отығызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып, Орал даласы дүр сілкінді. Салтанатқа қатысқан зиялы қазақтарды сый-құрметтен құралақан қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етті. Бірнеше ординдермен хан өңіріне жарқыратты.Қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді.

4,6(52 оценок)
Ответ:
artemluts007
artemluts007
03.03.2021

2-тапсырма

Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың ﷺ көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб.: خلفاء الراشدون‎) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады

4,8(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ