1.Өзіндік пікір.Абай Құнанбаев жас кезінен өте алғыр,зерек болып өскен.
2.Дәлел.1.Абай кітапты бір қарап,екінші рет кітапқа қарамай жатқа айтқан.
2.Абай бос уақытының бәрінде кітап оқумен айналысқан.
3.Өз пікірін айғақтайтын мысал.1.Медреседе оқып жүріп Науаи,Сағди,Физули ақындардың шығармаларын оқыған.2.Абай мұсылманша оқумен қатар орысшада оқыған.
4.Өз пікіріне қарсы пікір.Әкесі Құнанбай Абайды оқытпағанда ол зерек ,алғыр бала болмас еді.
5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал:1.Абайдың әкесі Құнанбай білімді бағалай білген адам,Абайды оқытпауы мүмкін емес еді.2.Тумасынан алғыр,зерек бала көп талаптанып,бос уақытын кітап оқуға жұмсаған.
6.Қорытынды.1.Жастайынан білімге құмар Абай Құнанбаев қазақтың рухани қазынасы,ұлы ақынына айналды.2.Алғыр,зерек Абай Құнанбаев отандық тарихымызда көрнекті орын алатын тұлғаға,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы болды.
Александрия кітапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған. Онда көшірушілер тобы жұмыс істеді. Қолжазбалар кітапхана ғалымдарының сынынан өткізіліп, өңделіп отырылған. Александрия кітапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді. Александрия кітапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Еуропа мен Ресейде жарық көрген кейбір тарихи оқулықтарда Александрия кітапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы негізсіз тұжырымдар бар. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында
Қиял қанатында.
Менің бала күннен арманым мен тәтті қиялым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.
Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.
Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.
Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі менің ойымды түйіндей түседі:
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді! ...