с домашним заданием! Буду очень благодарен.)
Тапсырмалар
Лекцияны жазу
№1. Төмендегі ойын түрлерін тиісті бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
Қазақ халқының ұлттық ойындары Әлемдікойынтүрлері
Қазақша күрес, ауыр атлетика, тауық күрес, хан талапай, дзюдо,құмар, бәйге, грек-рим күресі, таэквандо,теңге алу, жеңіл атлетика,бестас, атбақыл, футбол, тайжарыс, шаңғы, су добы, көтеріспек, бокс,кетсін бір, хан, баскетбол, тасқала, нысана көздеу,қыз қуу, волейбол,омпа, велоспорт, жорға жарыс, еркін күрес, алшы ойыны, бессайыс, шахмат, хоккей, аударыспақ, ат омыраулату, жүзу, теннис, мәнерлеп сырғанау
№2. Сөйлемдерді көшіріп, бастауыш пен баяндауыштың астын сызып көрсет.
Қыз қуу. Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
№3 Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерге мысал келтіріп жаз
Менің сүйікті бағдарламам
Менің сүйікті бағдарламам «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы күнделікті таңертең сағат жеті мен онның арасында болатын - «Таңшолпан» ақпаратты – сазды бағдарламасы. Күнделікті үзбей көруге тырысамын. Бұл ауқымды бағдарламаның түрлі қызықты айдарлары бар. Мысалы, «қызықты ақпарат», «ба зге шолу» және «қазақ жері» айдарларын аса зор ықыласпен тамашалаймын. Сонымен қатар эфирге шақырылған қонақтардың сұхбатын да тыңдағанды ұнатамын.
Бағдарламаның тарихына келер болсақ, ,ағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шығыпты, міне 27 жыл бойы көрерменнің жүрегінен өз орнын тауып келеді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау Шерхан Мұртазаның идеясы болған екен. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атапты. Бағдарлама бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атаған екен. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті. «Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді және бағдарлама жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. Мен тіпті бірнеше мәрте бағдарламаға хабарласып, сауалдарға жауап беруге тырысқан болатынмын.