ақық моншақ, аламоншақ – қара ала көзді моншақ',
алпыс моншақ – көз тимесін деп арнайы тізілген бірнеше түрлі моншақ,
әнгір моншақ – әйелдердің күміске тізген әшекейлі моншағы,
бет моншақ – сәукеленің, кимешектің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын моншақ,
жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің баскиім әшекейі, қырғызша «жаақ» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей,
көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ), күміс моншақ (кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ,
күміс моншақ – күміс тиындары бар моншақ,
қызыл моншақ – қызыл маржаннан тізілген моншақ,
меруерт моншақ - біріңғай меруерттен тізген моншақ,
су моншақ - ұсақ тастардан тізілген моншақ, арзан қолды моншақ,
тайтұяқ моншақ – кесек күмістерден араластырыла жасалған моншақ, тайтұяқ күмістен жасалған алқа,
тал-тал моншақ – бірнеше қатарлы моншақ,
тана моншақ – күміс танадай жарқырап тұратын күмісті, асыл тасты моншақ,
тоғыз моншақ – моншақтың бір түрі,
шаш моншақ – бұрымның ұшына тағылатын әшекей, қырғыздарда чач мончок – күміс пластинкамен байланыстырылған, жіпке тізілген маржан, асыл тасты әшекей,
шұбыртпа – тізілген моншақ, баскиімге салпыншақ ретінде тағылатын моншақ.
Тал моншақ – тақияға, сырткиімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі.
Киімде бүкіл ұлттың, жалпы халықтың болмысы жатса, қызға қырық үйден тию жасаған қазақ қыз-келіншектерінің киімінде көшпелі ұлттың қатпарлы тарихы қатталып жатқандай. Қыз етегінің ұзын болу себебі, ибалықты білдірсе, кимешек секілді басты жауып тұратын бас киімдер көшпелі халықты желдің өтінен, күннің ыстығынан, қыстың ызғарынан қорғаған. Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы сан түрлі тәжірибе жасап барып, дәлелдеп жатқан дүниелерін бір ауыз сөзбен айтып кеткен көреген халық, біздің ата-бабаларымыз ақ түстің денсаулықты қорғай алатын қасиеті бар екенін біліп, ақ түсті киелі түске айналдырған.
Объяснение:
осы дұрыс