Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Әр пән бойынша білім-білік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: трек-сызбалар, плакаттар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ-жауап.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау әдістері.
Экологиялық орталықтың құрылған жылы?
Экоорталықтағы тірібұрышпен жұмыс барысындағы сақтық шаралар?
Туған өлке дегеніміз не?
ІІІ. Жаңасабақты түсіндіру әдісі.
Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық. Табиғат - байлықтың көзі.
Объяснение:
Туған жер деген – ең қымбат нәрсе. Шіркін, өз еліңде, туған жеріңде болғанға не жетсін?! Сен оны ешкімнен сатып ала алмайсың, кейде бірақ өз туған жеріңе келе алмайсың. Мысалы кей адамдар өзге елге кетіп қалып, өз еліне орала алмай жүреді. Бар арманы сол болады. Тіпті өмірінің соңғы күндерін туған жерінде өткізу үшін бәріне дайын болады. Сондай қателіктерді жібермеу үшін:
«Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол» - деген сөздерге құлақ түрейік. Біз туған жерімізді құрмет тұтып, сыйлайық! Осы туған елімізде өмір сүрген – үлген бақыт