ответ: Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.
Ақылы, өресі жағынан барлық жан-жануарлардың ішінде жылқы иттің алдында, яғни, бесінші орында тұр.
Жылқының пайдасы:оның сүті қымыз деп аталады. Қымыз адамдарға өте пайдалы əрі əр түрлі ауруларға ем.
Басқа көптеген жануарларға қарағанда жылқы айналасын түрлі түсті реңкте көреді. Бірақ қызыл мен көк түсті ажырата алмайды. Тағы бір қызығы, жылқының көру аумағы 360 градус екендігі. Яғни, жылқы бір бағытқа қарап тұрғанда тек алдын ғана емес, арт жағын да толық көріп тұра алады. Сондай-ақ, жылқының көзі түн ішінде де өте жақсы көреді.
Жылқы арқылы қазақта ұлттық ойындар ойналады. Мысалы көкпар,қыз қуу тағы басқа
ответ:Сәлем, достым! Демалыстан соң үйіңе аман-есен жеттің бе? Екеуіміз уәделескендей осы хатымда біздің бас қаламыз жайлы жазып отырмын.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Астана жас қала болғанымен әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар қала. Елордаммен мақтанамын! Келер жылы бұйырса, Астанаға шақырамын, бас қаламның көрікті жерлерің бірге аралайық!
Сәлеммен,
Арсен
Объяснение:
Толғанай деген есімді ай туылған күні қойылатын есім.