Әр адамның туған жері өзіне ыстық болып келеді. Кімде- кім қалаға немесе басқа елге кетсе сағынып, өз туған жерімен салыстыра жүреді.
Менде өз туған жерімді жақсы көремін. Менің туған жерім таулы, өзен- көлдері көп әдемі жер.
Қазіргі кезде біз қалада тұрамыз, әр жазғы жемалыста біз ауылға барып демалып келеміз. Туған жердің ауасы мен табиғаты өте керемет.
Менің пікірімше, туған жерден кеткен адам, сағынып барғысы келіп тұра береді екен. Таңертенгі әжеңнің самаурынға қайнатқан шәйі мен таба наны, ыстық нанға сары майды жағып жеу, атамның үстіндегі ыстың иісі бар күпәйкесі, құрт пен айранды айтсаңызшы?! Керемет емес пе?! Қандай да әсем қалаларға, таңғажайып елді-мекендерге барсамда туған жеріме жетпейді екен.
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланған. “Жылқы малдың - патшасы, түйе - малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туылған болатын. Мереке - қуанышта, қайғы - қасіретте басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның айырылмас жан досы болған. Біздің жерімізде үй жануарларын өсіруге қажетті жағдайлардың бәрі бар. Шүйгін шөп, су, жайылымдық жерлер жеткілікті. Оның ішінде түйе шаруашылығының пайдасы мол. Түйе 150 - 200 кг. жүкпен 30 - 40 шақырым жол жүре береді. Қазақ халқы еті мен сүті, әрі тағам, әрі шипалы дәрі, жүні - киім, өзі - сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Сүтінен емдік қасиеті бар май, шұбат, сыр дайындалса, еті тағамға қолданылды, ал жүні 85 пайыз таза өте бағалы түбіттен тұрады. Барлық шөптің түрін жей береді, шөлге шыдамды. Олардың салмағы 550 - 650 кг, ол 10 - 12 кг. жүн беріп отырады. Басқа үй жануарларына қарағанда түйе біздің елімізде өте аз. Түйе киелі жануар – пайдасы да мол.Қазақтың түйе сүтінен жасалатын ұлттық сусыны - шұбатШұбат - түйе сүтінен ашытылады. Бұл - әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті мол.
Үш жүз алпыс бес шығыршық, Қырық сегіз тығыншық, Аққу жылына екі рет балалайды. /Үш жүз алпыс бес күн,қырық сегіз жұма,екі айт/.
Үш жүз алпыс алты анасы, Қырық сегіз болар баласы. Он сегіз бөлек ұясы, Ішінде екі ақ жұмыртқасы. /Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай/.
Үй артында бір дуан, Бір ұлы бар ханға дуан, Қырық сегіз қызы бар, Бәрі жуан. /Бір жыл,бір ай ораза,бір жылдағы қырық сегіз жұма/.
Тауда дарақ, екі бұтақ, Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз. /Жыл, жаз, қыз/.
Келеді үлкен алып аузын ашып, Жүреді он екі аяқ қадам басып, Отыздан әр бірінде саусағы бар, Құтылмас ешбір адам одан қашып. /Жыл, он екі ай, отыз күн/.