Қазақстан көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаральқ бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпакқ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе берyін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастыкқты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт- дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек.Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайыкпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Бала кезінен өте зерек болып,төрт жасында хат таниды.
Мағжан Жұмабаев алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан.
Мағжан 1910 жылы Қызылжардағы медреседе оқып, мұнда шығыс тілдерін үйренеді.
Мағжан орыс тілін жетік меңгергенінің арқасында Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон,Гете сынды ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мағжан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кіші кезінен сусындап өскендіктен, тұңғыш рет Абай атамызға арнап"Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға"атты өлең жазады.
Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген.
Объяснение:
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы тағы басқа болып айқындалады