М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
N1ki4
N1ki4
20.08.2020 06:33 •  Қазақ тiлi

Менің сүйікті ақыным А.Байтұрсынұлы
Эссе

👇
Ответ:
CoOlbOY2003g
CoOlbOY2003g
20.08.2020

Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1895 ж. Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. 1905 ж. жазылған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Ахмет Байтұрсынов Орынборға 1910 ж. наурыздың тоғызында келіп 1917 жылдың соңына дейін тұрды. Осы қалада 1913 - 18 ж. өзінің ең жақын сенімді достары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірігіп және қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Байтұрсынов 1917 ж.революциядан кейін өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған алаш қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды және Екінші жалпықазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясы төрағасы болып сайланды. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге барды. Сол жылы сәуірде Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 ж. қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. 1920 - 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 - 25 ж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі қызметке ат салыса жүріп, 1921 - 25 ж. Орынбордағы, 1926 - 28 ж.Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 ж. екінші маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1930 ж. төртінші сәуірде ату жазасына кесілді. Бұл шешім 1931 ж. қаңтарда он жылға концлагерге ауыстырылды. 1934 ж. Максим Горькийдің жұбайы Елена Пешкованың көмегімен Байтұрсынов мерзімінен бұрын босатылып, отбасымен Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 ж. сегізінші қазанда тағы да қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды; Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында 1938 ж. сегізінші желтоқсанда қаза тапты.

Объяснение:

4,4(14 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Сафина3651
Сафина3651
20.08.2020

"Ғажайып планета" ПОПС формуласы бойынша.

Менің ойымша, әңгіме фантастикалық жанрда және жазушының қиялы ұшқыр.

Себебі мен оны әңгімедегі таныс емес атаулар, құбылыстар сипатын ерекше жеткізе алу деген шеберлігі деп түсіндіремін.

Оны мен жасанды адам "Кибер", дүрбілі иллюминатор, жаны бар сары планета, оттектің атмосфераның жоғары бөлігінде бөлінуі, екі Күн деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.

Осыған байланысты мен адамзат қиялында шек жоқ және біз білмейтін ғаламның қаншама сыры бар деген түйін жасадым.

4,8(89 оценок)
Ответ:
hohotuchka
hohotuchka
20.08.2020

"Ғажайып планета" ПОПС формуласы бойынша.

Менің ойымша, әңгіме фантастикалық жанрда және жазушының қиялы ұшқыр.

Себебі мен оны әңгімедегі таныс емес атаулар, құбылыстар сипатын ерекше жеткізе алу деген шеберлігі деп түсіндіремін.

Оны мен жасанды адам "Кибер", дүрбілі иллюминатор, жаны бар сары планета, оттектің атмосфераның жоғары бөлігінде бөлінуі, екі Күн деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.

Осыған байланысты мен адамзат қиялында шек жоқ және біз білмейтін ғаламның қаншама сыры бар деген түйін жасадым.

4,6(46 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ