М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
leralagbibl
leralagbibl
02.03.2020 19:25 •  Қазақ тiлi

«Мұртты обалар» деп неге аталды?

👇
Ответ:
mo14yn
mo14yn
02.03.2020

Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар). Толық емес мәліметтер бойынша Қазақстанда 300-ден астам мұртты обалаға жататын ескерткіш тіркелген. Оларды Ә.Х.Марғұлан, К.Ақышев, М.П.Грязнов, Ә.Оразбаев, М.Қадырбаев, С.М.Ақынжанов, Ф.Арсланова, С.С.Сорокин, А.Бейсенов, А.Таиров, С.Г.Боталов, т.б. зерттеді. Оның негізгі бөлігі (80%-дан астамы) Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінің жәдігерлері. Қалғандары Шығыс Қазақстан жерінде шоғырланған.

4,6(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Беня2018
Беня2018
02.03.2020

Абай атамыз "болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз" деп айтып кеткен.бұл сөзде де қаншама терең мағына жатыр.астарына уніліп қарасақ, абай атамыз өзің көрген, білген, естіген ғалымыңа соның кейпіне еніп, түр- келбетіңді ұқсатып алмасаң да, оның біліміне, мінезіне, оқығандығына қызығып, ұқсап бақ деген.ң ұқсастығы түріне байланысты емес, оның біліміне де атақ- даңқына да байланысты болады.менің ынтам сол оқы- кітаптар және сурет сал-. кітаптың сүйікті жанрлары сол және тарихи ақпарлар ғажайып, детектив. оқы- кітаптар өте қызық. оларда көп жаңа танисың.

4,6(65 оценок)
Ответ:
ramn
ramn
02.03.2020

Объяснение:

Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған. 

«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.

Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланыс­ты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші 

4,5(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ