ПЕРЕВЕДИТЕ лы Жібек жолы» Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы.Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары не-
зiнде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған
теңгелер мен ділдаларды тапқан. Алматы қаласының маңындағы Талғар
қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры
мен жапонның фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар табылған.
«Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұл-
парларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды,
киім-кешекті және т. б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол
арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
Көмекші есім сөздер: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді.
Ыдыстың түбіне қоқыс жиналып қалыпты.
Осы көшенің бойы толған дүкен.
Үй мен мектеп арасы жап-жақын ғой.
Ол кітаптың ішіне қандай шығармалар енген?
Істің басы әрдайым қиын болады.
Ертең үй жаққа соғып қайтамын.