2-тапсырма. Берілген мамандықтарды типке бөліңдер. Сендерге берілген мамандық атауларын түрлеріне қарай бөліп жазып шығыңдар. Мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкир, бухгалтер, ғалым, ЭЕМ операторы, зертхана мен ғылыми орталық қызметкері, мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторисшы, эколог, ұшқыш, матрос, электромонтер, слесарь, архитектор, дизайнер, суретші, әнші,актер.
Қазір қазақ күресі қарқынды дамып келеді. Себебі, осы спорт түрімен жас ұрпақ жүйелі түрде айналысып жатыр. Сондықтан, көңілге демеу, жанға жебеу болар бүгінгі буынның бары қуантады. Грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров осыны айтты. Спорт саңлағының сөзінше, әлі әлемді талай дүр сілкіндіріп, мықтылығын мойындататын балуандар шығады.
20 ғасырдың 80 жылы өткен Олимпиада. Бұл бозкілемде белдескеннің белін майыстырып, ешкімді шыдатпаған шымыр Жақсылық Үшкемпіровтің таспаға басылған сәті. Бары осы. Кеңестік кезеңнің сұрқия саясаты ма, кім білсін, осы ақ-қара түсті азғантай кадрдың сақталып, архивте қатталғанына да шүкір, дейді спорт саңлағы. Жастайынан спортпен айналысқан ол сол тұста жеңіске жету үшін намысты қолдан бермеді. Сөйтіп, қолтоқпақтай қазақ балуаны ұлты мен есім-сойын әлемге әйгіледі.
Дос деп ойлап құшқаным, Болып шықты-ау дұшпаным (Өтебайбойлақ Тілеуқабылұлы баба)
Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз, Жігері болмаса жігіт қасиетсіз. Иманы кеткеннің жиғаны кетеді. Саналы адам сағыңды сындырмас, Санасыз адам жағыңды тындырмас. Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді. (Шерхан Муртаза *Қызыл жебеден*)