Адами қасиеттер – халықтың өмірінде, әдет-ғұрпында, дүниетанымында ерекше орын алатын қасиеттер. Олар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Қай кезде де, қай заманда да адамға тән адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, азаматтық, қарапайымдылық тәрізді асыл қасиеттер жоғары бағаланды. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның арасында мәңгілік күрестің жүріп жататыны сияқты адамдық қасиеттердің мәнін солғындатып, көлеңке түсіретін жағдайлар да бұл өмірде болып жатады. «Сөзтанымның» бүгінгі шығарылымында біз қазақтың дүниетанымындағы адами құндылықтар жайында айтамыз. Қазақ халқы жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, абыройлы болуға, әдептілікке қалай тәрбиелеген? Осы жөнінде әңгіме қозғаймыз. бъяснение:
Шешендік өнерді зерттеп, окулық жазған Г.З.Апресян қазіргі шешендікті мазмүнына қарай былайша бөледі: 1) Әлеуметтік- саяси мәндегі шешендік. 2) Академиялық шешендік. 3) Сотта айтылатын шешендік. 4) Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік. 5) Діни қызметте қолданылатын шешендік.
Бұлардың әрқайсысын қолданылатын орнына қарай төмендегідей жіктейді: 1) Әлеуметтік — саяси мазмұнды шешендік сөздерге: - әлеуметтік-саяси және саяси —экономикалық тақырыптарға жасалатын баяндамаларды; - конференция, съездердегі есептгбаяндамаларды; - саяси сөздер мен саяси шолуларды; - дипломаттық сөздерді; - әскери-патриоттық сөздерді; - митингіде сөйлейтін сөздерді; - үгітші сөздерін жатқызады. 2) Академиялық шешендікке: - жоғары оқу орындарындағы лекцияларды; - ғылыми баяндамаларды; - ғылыми шолуларды; - ғылыми хабарламаларды жатқызады. 3) Сотта қолданылатын шешендікке: - айыптаушының айыптау сөзін; - әлеуметтік айыптау сөздерді; - қорғаушының сөзін; І - әлеуметтік-қорғану сөзін; - айыпкердің қорғану сөзін жатқызады. 1) Әлеуметтік-тұрмыстық шешендікке: - юбилейлерде айтылатын мақгау сөздерді; - дастарқан басында айтылатын тостарды; - қабір басында айтылатын аза сөздерін жатқызады. 2) Діни шешендікке: - діни уағыздарды; - шіркеуде айтылатын сөздерді жатқызады
Қорытынды: Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері: • тұрмыс салт жырлары; • мақал-мәтелдер мен жұмбақтар; • лиро-эпостық жырлар; • айтыс өлеңдері; • тарихи жырлар, шешендік сөздер.