1991 жылы 2қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.Ол ұшқан «Союз ТМА-13» ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.
Талғат Мұсабаев—қазақтың екінші, әлемнің 309-ғарышкері де рекордшы атанған. Ол бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Қазақ жерінде дүниеге келіп, ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкер Владимир Шаталов. 1969 жылдың қаңтарында «Союз-4» кораблімен алғаш рет ғарышқа ұшты. Сол жылғы қазан айында «Союз-8» кораблінің командирі ретінде үш корабль құрамында ғарышқа топтасып ұшуға қатысты. В.Шаталов «Союз-10» кораблімен және «Салют» орбитальдық станциясымен 1971 жылғы сәуірде үшінші рет ғарышқа ұшты.
Айдын Айымбетов— қазақ ғарышкері, Қазақстанның халық қаһарманы, Қазақстанның әуе күштерінің генерал-майоры. 2015 жылдың 2 қыркүйегі мен 12 қыркүйегі аралығында ол Союз ТМА-18М пилотты көлігінің бортинженер-2 ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ғарыштық ұшуды жасады.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді
Объяснение: