Подписка-задание. соединять слова и словосочетания, составлять предложения. прогноз специалистов, спрос на специалистов, дефицит, IT-техно-лог, программисты, преподаватель, религиовед. Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Жазылу-тапсырма. сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, сөйлемдер құрыңыз. мамандардың болжамы, мамандарға сұраныс, тапшылық, IT-технологиялар, бағдарламашылар, оқытушы, дінтанушы.
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
окончания и т.д ._.
Киіз үй бөліктеріне қатысы бар бата - тілектер:
Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені саналады. Жалпы, жоғарыда аталып кеткен бата – тілектерді жас жұбайлар үйленіп, шаңырақ құрғанда айтады. Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген мағыналы сөздер.