Мұқағали Мақатаев - (1931-1976 жж.) қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындарының бірі. Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ал махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр – адам сезімін табиғаттағы бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали поэзиясынан заңды жалғасын тапты. Мысалы: ...Көзің қайда көшеден мені іздеген, Сөзің қайда жанымыз егіз деген? ...Терезеннің алдына келіп тұрмын, Көгершіндей, Қысты күн... жем іздеген...
Ескерткішкерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, ескі мұраларды сақтап, жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық және рухани жәдігерлерді танытуда, зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда маңызды рөл атқарады. Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жәдігерлерді жинау, есепке алу, сақтау,қайта қалпына келтіру, зерттеу нәтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады. Қазақстанда Мемлекеттік мұражайы, Ә. Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы, Президенттік мәдени орталық, Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы, Ұлттық валюта мұражайы, Кітап мұражайы, Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы, «Әуезов үйі» ғылыми орталық мұражайы және тағы басқа мұражалайлар жұмыс атқарады.
Сырдария - Орталық Азия ұзын өзендердің бірі. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан - өзенінің жолында төрт Азия мемлекеттері кесіп өтеді. Қазақстанда өзені бассейнінің аумағында. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда - Сырдария екі аймақтар болып табылады. өзен 2212 км, 219 мың шаршы. км қойманың ауданы болып табылады. Сырдария Ферғана аңғарының шығыс бөлігінде Нарын және Қарадария өзенінің сағасында арқылы қалыптасады. 1989 жылға дейін, өзен Арал теңізіне құяды, бірақ су қоймасының тартылуының нәтижесінде және екі бөлікке бөліп, оны, Сырдария су енді «Шағын теңізі» деп аталатын құдіретті бір рет Арал теңізінің солтүстік бөлігін, толтыруға бастады. Тоқтағұл (Қырғызстан), Kairakkum (Тәжікстан), және Chardarin Көксарай (екеуі де Қазақстан тиесілі) - өзенінде бірнеше су қоймалары құрылды. Сырдария су қоймасының су бұлдырлық 1200 г / см болып, Қазақстан қараңғы өзен. моль. Бұл оның жолында сусымалы қазылған рок расплывается екендігіне байланысты.
Мұқағали Мақатаев - (1931-1976 жж.) қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындарының бірі.
Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Ал махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр – адам сезімін табиғаттағы бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали поэзиясынан заңды жалғасын тапты. Мысалы:
...Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеннің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...