1.5. Шағатай ұрпағы (1307–1326 жылдар) билiк еткен тұста хан есімі жазылған күмiс теңге айналымға енгiзiлдi. 1.6. Дулат тайпасының басшысы, аса қуатты әмiр , шығыс аймақтардың ең беделдi әмiрi.
1.7. Шағатай ұрпағы (1348–1362/63 жылдар) таққа отырды.
1.8. Моғолстан шегарасы саяси жағдайға байланысты өзгеріп, дейін ұзарды.
1.9. Iлияс Қожа аз уақыт билiк етті. Iлияс Қожаның 1365 жылы кезiнде моғол әскерiн басқарып, жетекшiлiк еткен Мауараннахр әмiрлерiнiң бiрiккен күштерiн талқандағаны белгiлi.
1.10. Моғолстанның шығыс аймақтарына жиi-жиi шабуыл жасады.
КӨМЕКТЕСІНДЕРШ
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.